Оңтүстік Кореяда трансгендерді ұрып, тонаған екі қандасымыз сотталды
Оңтүстік Кореяда екі қандасымыз абақтыға жабылды! Жасы 20-ға толмаған жас жігіттер трансгендерді ұрып-соғып, қалтасындағы қомақты қаржысын тонап кеткен.
Автор: Аруна Ортай
01.05.2020
Оқиға Тэджон қаласында мотельдердің бірінде болған. Жерлестерімізден таяқ жеген трансгендер отельде жезөкше болып жұмыс істепті. Жігіттер Таиланд азаматын ұрып-соғып қана қоймай, 1 миллион вон ақшасын тонаған. Былтыр желтоқсан айында болған қарақшылық шабуылға бүгін үкім шықты. Сот отандастарымызды кінәлі деп тауып, біреуін 4 жылға, екіншісін 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
Мәліметтерге қарағанда, қандастарымыз Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген. Ал өздерінің ұсталғаны туралы елшілікке хабарлағысы келмеген көрінеді. Қазір сол елдегі дипломаттар мән-жайды анықтап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!