{metadescription}
Эпидемиологтардың дәрежесі өсіп, құзыреті кеңейеді
Эпидемиологтардың дәрежесі өсіп, құзыреті кеңейеді

Эпидемиологтардың дәрежесі өсіп, құзыреті кеңейеді

Эпидемиологтар арнайы мемлекеттік орган дәрежесіне теңестірілетін болды. Еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметін жетілдіру бойынша аталмыш салаға 6 өзгеріс енгізілейін деп жатыр. Бұл  Денсаулық сақтау министрлігінде өткен жиында белгілі болды.

Алдымен Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінен санитарлық медициналық бақылау қызметі бөлек шығарылады. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің дәрежесі мен құзыреті кеңейеді. Мысалы, ол енді ел аумағында шектеу шарасын енгізу немесе алып тастау туралы өз бетінше Қаулы шығара алады. Әрі эпидемиологиялық қызметтің штат саны көбейтіледі. Осы өзгерістердің арқасында шекарадағы санитарлық-карантиндік тәртіп күшейтілмекші. Сонымен бірге материалдық-техникалық базасын нығайтып, тепловизор, автокөлік және басқа да техникамен жабдықтау көзделіп отыр. Осыған дейін коронавирус жұқтырған 820 медицина қызметкерінің 500-ге жуығына covid-19-бен күреске «еш қатысы жоқ» деген себепті 2 миллион теңге өтемақы берілмейтіні айтылған еді. Сырқаттардың 200-ден астамы – Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов енді әлеуметтік парақшасында ол мәселені жергілікті комиссияның құзырына қалдыратынын жазды.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Жағдайдың күрделілігі мен оған қатысты пікірлердің сан алуандығын ескере отырып, жергілікті әкімдік пен денсаулық сақтау басқармасына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығына тағы бір назар аударуын өтіндім. Сол бұйрық бойынша, оларға дәрігерлерге үстемеақы, не өтемақы беру мәселесін шешу жөніндегі комиссия құруға толық құзірет берілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде