Көкшетауда қарт ерлі-зайыптыны асқан айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды
Көкшетауда ерлі-зайыпты қарияларды үйінде қинап өлтірді деген күдікті ұсталды. Қаскөй алыстан келмеген екен.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
04.05.2020
Күдіктінің қылмыс орнына жақын жердегі үйінен қарияларға тиесілі заттар табылды. Марқұмдардың балаларының айтуынша, әжейдің денесінде сау тамтығы жоқ, 19 жерден пышақ салған. Қария терезеден түскен қарақшыны байқап қалып, жуынатын бөлмедегі балтаға ұмтылса керек. Бірақ қаскөйдің пышағынан құтылмапты. 87 жастағы үй иесін де буындырып, бауыздап жіберген. Полиция осы жағдайға қатысы бар деген 24 жастағы азаматты қолға түсірді. Ол бірінші қабатта тұратын зейнеткерлердің үйін тонамақ болып, түн ортасында терезеден түскен. Қандықол қылмысқа жалғыз өзі барды ма, жоқ па, ол тергеліп жатыр. Ал марқұм зейнеткерлер кеше жер қойнына тапсырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!