{metadescription}

Теңіз кенішінің жұмысшылары ереуілге шықты 

Атырау облысындағы Теңіз кенішінің жұмысшылары карантиндік тәртіпке шыдамай, ереуілге шықты. Олар жалақыны көтеру және қоғамдық тамақтану орындарын ашуды, шылым шегетін орындарға топтасып баруды, жалпы, карантиндік қатаң тәртіпті жұмсартуды талап еткен.

Арнайы құрылған комиссия мүшелері мердігер компаниялармен келісімге келіп, жұмысшылардың жалақысы бүгіннен бастап көтерілді. Бірақ карантиндік талаптар мен ереже өзгермейді. Өйткені кеніштегі  эпидемиологиялық ахуал күн өткен сайын ушығып барады. Мамандардың айтуынша, карантинге жатқызылған жұмысшылардың көбі қарапайым санитарлық ережеге бағынбайтын көрінеді. Олар әлі күнге ортақ асханаға баруды, шылым шегетін орындарда топтасу мен көп адам болып жиындар өткізуді тоқтатпай келеді.

Соңғы дерек бойынша, кеніште 120 адам қатерлі дертті жұқтырып үлгерген. Бұл – бүкіл облыстағы ауру жұқтырғандардың 65 пайызы. Бүгінге дейін «Теңіздегі» 13 мыңнан астам жұмысшы тұрғылықты мекен-жайына жөнелтілген болатын. Мың жарым адам кеніштегі карантиндік стационарда жатыр.  

Ержан Төлек, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Теңіз кенішіндегі жұмысшылардың карантиндік талапты сақтамауы кешегі «Си-оу-си риелти» компаниясының өкілдерінен көруге болады. Бізге мынандай карантиндік немесе оқшауланудан гөрі әлі де болсын жақын қарым-қатынаста болсақ, немесе ортақ темекі тартсақ деп, кішкене жеңілдетіңіздер деген. Ал бұл инфекция мұндай босаңдықты көтермейді, оны бәріміз білеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде