{metadescription}
0:000:00
Айжан Есмағамбетова: Жағдай тұрақталғанда ғана анықтама мәселесі қайта қаралады

Айжан Есмағамбетова: Жағдай тұрақталғанда ғана анықтама мәселесі қайта қаралады

Жолаушыларға жеңілдік қажет. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшаққа отыру үшін COVID-19-ға тест тапсыру талабын алып тастауды ұсынды. Оның орнына әуежайларға дене қызуын тексеретін қосымша бекеттер ашылғаны жөн дейді. Өйткені анықтама бағасы арзан емес. Ал әлдебір жолаушының қызуы жоғары болса, сол жерде-ақ экспресс тест тапсыруына болады екен.

Питер Гриффитс, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры:

- Сонымен қатар ұшып шығу пунктінен ұшып келу пунктіне дейін 100 пайыз бетперде режимін енгізуді ұсынамыз. Терминалдардағы жолаушылардың жаппай жиналуын болдырмау үшін слоттарға бөлу керек. Халықаралық рейстерге тіркеуді жөнелту уақытан 3 жарым сағат, ішкі рейстерге тіркеуді 2 сағат бұрын бастау қажет. Әуежай және әуе компанияларының қызметкерлерін COVID-19-ға тест тапсыру жауапкершілігінен босату ұсынылады.

Бұл ұсынысқа қатысты елдің Бас санитар дәрігері үн қатты. Айжан Есмағамбетова Қазақстанда тек эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанда ғана анықтама мәселесі қайта қаралатынын айтты. 40 күндік үзілістен кейін 1 мамырда Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе қатынасы жанданған болатын. Бүгін ол тізімге Қызылорда, Петропавл, Өскемен мен Семей қосылды. Жолаушылардың COVID-19-ға тапсырған қолында тест нәтижесі болмаса, ұшаққа жіберілмейді. Ал сол бір жапырақ қағаздың құны 20 мың теңге шамасында. Онда да жарамдылық мерзімі тек жеті күнге жетеді.

Айжан Есмағамбетова, Қазақстанның бас санитар дәрігері:

- Ұшақтарда кез келген сәтте вирус жұқтыру қаупі жоғары. Бұл жағдайға басқа қырынан қарау қажет. Коронавирус жұқтырған адамның қасына кімнің отырғысы келеді дейсіз? Біздің міндетіміз – аурудың алдын алу, вирустың ұшу кезінде тарап кетуіне жол бермеу. Уақыт өте келе, бәрі жайлап қалып қалыпқа келген соң, бұл нормаларды қайта қарастырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде