Алматыда жұмыс істейтіндер қалаға кіре алады, бірақ...
Карантиндік жеңілдіктен кейін жұмысы қайта қызған кәсіпорындардың облыс аумағында тұратын жұмысшылары Алматы қаласына кіре алады. Бірақ, қолында Covid-19 жұқтырмағанын растайтын медициналық анықтамасы болуы тиіс.
Автор: Әсем Қабылбек
06.05.2020
Инфекцияны анықтау үшін полимеразды тізбекті реакция әдісімен алынатын сараптама тапсыруы қажет. Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың шешімі бойынша, кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер Алматыға кіріп-шыққан сайын анықтамасын көрсетеді.
Айта кетейік, зертханалық сараптама нәтижесі тек бір аптаға жарамды. Алматы облысынан мегаполис аумағына келушілер жұмыс орны берген анықтамасын өзімен бірге алып жүруге міндетті. Барлық дерек infoalmaty.kz порталы арқылы да тексеріледі.
Жаңадан қосылған тізімге омарташылар, вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, құрылыс және жол-құрылыс саласында еңбек ететіндер еніп отыр. Жедел штаб енгізген жаңа талап 11 мамырға дейін жарамды. Ал бұған дейін қала сыртына шығуға рұқсат алған саяжай иелерінен коронавирусқа қатысты анықтама талап етілмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!