Роман Скляр: Мақтааралда судан зардап шеккен тұрғындар көмексіз қалмайды
Үкіметтік комиссия іске кірісті. Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдарға бүгін Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған топ барып, жағдаймен танысты. Президенттің елге сәлемін айтқан ол судан зардап шеккен бірде-бір тұрғын көмексіз қалмайтынын жеткізді.
Автор: Бек Әбиев
06.05.2020
Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Үкіметтік комиссия енді Түркістан облысында жұмыс істейтін болады. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Президент Өзбекстандағы су бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсетуді тапсырды.
Тікұшаққа отырған вице-премьер мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев су басқан ауылдарды аралап, әуеден көріп шықты. Комиссия қызыл суда қалған Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдарына келген шығынды шұғыл т есептеуге кіріспек. Зардап шеккен тұрғындармен кездескен олар ең алдымен тұрғын үйлер қалпына келтірілетінін айтты. Сондай-ақ, инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым ретке келтірілуі тиіс. Суда қалған Мақтаарал ауданының ауылдарын қалпына келтіруге бүгіннен бастап апатқа кінәлі Өзбекстан да алғашқы көмегін жөнелте бастады. Ала шапанды ағайын су сорғыш пен будьдозері бар жалпы саны 50-ге тарта арнайы техника мен 200 шақты маман жіберген.
- Енді бұл жасақ Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдардағы суды тазалау, суды сору және одан бөлек барлық суды тазартып болғаннан кейін үйлердің құрылысына да атсалысады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!