{metadescription}
Қарағандыда табиғат қорғау инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің граффитиі салынады
Қарағандыда табиғат қорғау инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің граффитиі салынады

Қарағандыда табиғат қорғау инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің граффитиі салынады

Қарағанды жұрты қасқөйлердің қолынан қаза тапқан табиғат қорғау инспекторы Ерлан Нұрғалиевті ұлықтамақ. Ол үшін қала жастары орталықтағы зәулім үйдің қабырғасына ерлік жасаған ердің суретін салып жатыр.

Бұл ақпарат бүгін желіге кеңінен тарап кетті. Онда жергілікті биліктің қолдауымен қабырғаға марқұмның суреті салынғаны жазылған. Сөйтсе, бұл суреттің проектормен түсірілген нұсқасы екен. Ал сүйіншіленген бейненің түрі әзірге мынау. Муралмен айналысатын жастар демеушіні биліктегілер тауып, бастаманы қолдағаны рас дейді. Бірақ жұмыс жаңа басталған. Ауа райы дұрыс болса, кемі екі апта ішінде нұсқадағыдай күйге жетіп қалуы ықтимал. Өйткені әкімдік ұсынған ғимараттағы жылтыр кірпіште бояу оңайлықпен тұрмайтын көрінеді. Дегенмен суретші жастар табиғат қорғауда құрбан болған ердің ерлігі отан қорғаумен пара-пар екенін айтады. Сондықтан қолға алған істі аяғына дейін жеткізбекке ниетті.

Шыңғыс Қасымов, суретші:   

- Бұл суретке 10 шақты түсті қолданамыз. Көбіне ашық түсті пайдалануды жоспарлап отырмыз. Себебі, Ерлан елдің көңілінде ерлік жасаған батыр ретінде ашық түсте қалғанын қалаймыз. Сұрғылтқа қарағанда, көрер көзге тартымды болатын шығар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде