{metadescription}
Блок-бекетте 1,5 ай үй бетін көрмей қызмет атқарған тәртіп сақшысының шені өсті
Блок-бекетте 1,5 ай үй бетін көрмей қызмет атқарған тәртіп сақшысының шені өсті

Блок-бекетте 1,5 ай үй бетін көрмей қызмет атқарған тәртіп сақшысының шені өсті

Ақтөбеде бір жарым ай бойы үй бетін көрмеген тәртіп сақшысының шені өсті. Қаланы карантинге жапқалы инспектор Аманғали Жолмұратов блок-бекет маңынан кетпепті. Кезекшілігі ұзаққа созылған полицей мереке қарсаңында аға лейтенант шенін де блок-бекетте иемденді.

35 жастағы Аманғали Жолмұратов 14 жыл бойы ішкі істер саласында еңбек етіп келеді. Ол кәмелет жасына толмаған балалардың тәртібіне жауапты инспектор. Бірақ наурызда қала қоршалғанан бері көлік жүргізушілерімен жұмыс істеуге көшкен. Блок-бекеттен өтетіндердің құжатын тексеріп, тізімге тіркелмегендерді қаладан шығармайды, не болмаса кіргізбейді. Осы маңдағы күркешеде ұйықтап, төрт мезгіл ас-ауқаты да сонда жеткізіледі. Шені өскен аға лейтенант қазір бала-шағасын қатты сағынғанын айтады. Әсіресе қос ұлын құшақтау үшін карантиннің тез аяқталғанын тілеп жүр.    

Аманғали Жолмұратов, Ақтөбе қалалық №3 полиция бөлімінің учаскелік инспекторы:

- 29 наурыздан бері осы аталған №4 блок-бекетте қызмет атқарып жатырмыз. Мекен-жайымызға бармаймыз. Үнемі осындамыз. Отбасымызбен ұялы телефон арқылы ғана сөйлесеміз. Ауырлау...  Дегенмен осы жолды таңдадық, осы жолмен жүреміз енді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде