{metadescription}
Қарағандының тұрғын үй секторында медициналық қалдықтар желге ұшып жатыр  
Қарағандының тұрғын үй секторында медициналық қалдықтар желге ұшып жатыр  

Қарағандының тұрғын үй секторында медициналық қалдықтар желге ұшып жатыр  

Қарағандыда медициналық қалдықтар қала шетіндегі тұрғын үй секторына төгілген. Адам жиі келетін көлшігі мен жасыл желегі бар жердегі қоқысты көрген тұрғындар наразылық білдіріп жатыр.

Жұрттың айтуынша, жер аяғы кеңде бұл аймақта бала-шаға ойнап, көл жағасына балықшылар жиналады. Сондықтан шашылып жатқан медициналық заттар мен улы шприцтер айтарлықтай қауіп төндіреді дейді. Медициналық қоқыстың арасында науқастардың аты-жөні, ауру белгілері мен анализдері жазылған құжаттар да желге ұшып жатыр. Бұл қалдықтардың қаладағы №1 емханаға тиесілі екені анықталды. Алайда емхана медициналық қалдықтарды шығарумен тендер жеңіп алған жеке компания айналысатынын айтады. Бүгін қоқыс төгілген жерді СЭС мамандары мен экологтар зерттемек. «Тексеру қорытындысы бойынша кінәлілерге шара қолданамыз» - деп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде