{metadescription}
0:000:00
42500 теңгені екінші рет бәрі ала алмайды

42500 теңгені екінші рет бәрі ала алмайды

Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалғандарға берілетін 42500 теңгені екінші рет бәрі ала алмайды. Оған тек белгілі бір мерзімде өтініш берген азаматтар ғана құқылы. Еңбек министрлігінің жоспарына сәйкес, әлеуметтік төлем бес миллионға жуық тұрғынның шотына екінші мәрте түсуі тиіс. Бүгін ресми орган әлеуметтік төлем берудің шартын түсіндіріп, жұртты мазалаған бұл мәселеге нүктесін қойды.

Төтенше жағдай жарияланған 16 наурыздан 16 сәуірге дейінгі аралықта мемлекет 3 миллион 734 мың адамға 42500 теңге беріп, қарық қылған. Енді осы адамдарға тағы, екінші рет 42500 теңге төленбек. Ал әлеуметтік төлемді алуға 20 сәуірде өтінім бергендер тек бір ғана 42500 теңгені қанағат тұтады. Егер төтенше жағдай режимі 20 мамырға дейін ұзартылатын болса, олардың да екінші мәрте алуы мүмкіндігі бар.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:

- Төтенше жағдай режимі ағымдағы жылғы 16 наурызда енгізілді. Төлемді есептеу үшін бірінші ай 16 наурыздан бастап, 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін. Осы айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар 42 500 теңге төлемге екінші айда үміткер бола алады.

Министрлік әлеуметтік төлемді үш жолмен алуға болатынын айтқан. Алайда іс жүзінде 42500 теңгені алу қарапайым тұрғындарға оңайға соқпаған секілді. Мәселен, табысынан айырылған астаналық тұрғын Татьяна үш рет өтінім жіберіп көріпті. Бәрі бекер. Салығын төлеп отырған сатушы әйел: «Қиын жағдайыма міз бақпаған ел билігіне қапалымын», - дейді.

Татьяна Суздалова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Мен кеше тағы «үмітсіз шайтан» деп, 42500 теңгеге төртінші рет өтінім жібердім. Ал ең бірінші рет 5 сәуірде, сосын 21 сәуірде, кейін айдың аяғы бердім. Бәрінде де бір жауап – бас тартты. Екі жұмыста істеймін, салығым төлеулі. Жұмыс берушінің де құжаты дұрыс. Осындай қысылтаяң уақытта ақшадан тарығып отырмын. Үкіметтің неліктен бізді назардан тыс қалдырғанын түсінбеймін.

Төтенше жағдай аяқталысымен, Татьяна Еңбек министрлігін жайына қалдырмаймын дейді. Бәрібір 42500-ді береді деген сенімде. Ал кешелі бері әлеуметтік төлемді алып жатқандар әлеуметтік желіде жарысып жазып жатыр. Қуаныштарында шек жоқ.

42500 теңге төрт жарым миллиондай азаматтың шотына түскен. Екі миллион бір жүз мың адам екінші мәрте алып үлгерген. Жалпы төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемді төлеуге 370 миллиард теңге қаралыпты. Ал 42500 теңге – еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде