{metadescription}
0:000:00
Түркістан облысындағы енді Леңгір қаласын лай су басты 

Түркістан облысындағы енді Леңгір қаласын лай су басты 

Түркістан облысында тағы бір ауданды су басты. Төле би ауданының орталығы Леңгір қаласында нөсер жауын салдарынан өзен тасып, көшені лай су басып қалды.

- Міне, Леңгір не боп жатыр?! Сұмдық болып жатыр. Машина батып кеткен. Біз бүйтіп несіне қарап тұрмыз? Кетіп қамасын-ау, кетіп қамасын!

Ағыны қатты таудың өзені лезде селге айналып, алдында кездескенді шайып өткен. Шұғыл құрылған штаб өкілдері Леңгір өзені арнасынан үш есеге дейін көтерілді деп отыр. Соның салдарынан 30-дан астам үйдің ауласын су басты. Сел шайып кеткен баспаналар да бар. Газ құбыры мен су жүйелерін де уақытша ажыратуға тура келген. Абырой болғанд, мал-жан аман. Селден құтқару және соңынан тазалау жұмыстары күндіз-түні жүргізіліп жатыр. Оған  300-ге жуық маман жұмылдырылып, аулаларға кірген суды сорғыздырып тазалауда. Нөсер жауынның зардабы әлі есептеліп біткен жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.