{metadescription}
0:000:00
Алматы: Тау етегіндегі саяжай тұрғындары қамауда қалды   

Алматы: Тау етегіндегі саяжай тұрғындары қамауда қалды   

Қалаға шыға алмай, қамауда қалдық! Алматыда тау етегіндегі саяжай тұрғындары ауыр техниканың астына түсуге аз қалды. Жөні түзу көшеге жарымаған жұрт шаһарға апаратын жолдың жабылуына осылай қарсы шықты. Бірақ даулы жердің иесі: «Меншігімді төте жолға айналдырған халықтың өзі кінәлі» - деп отыр. Тараптарды тілшіміз тыңдап қайтты.

Құрылысқа қарсы шықққан қарашаның арыны қатты. Жол азабынан қажыған жұрт жұмысы қыз-қыз қайнаған ауыр техниканы тоқтату үшін еш нәрседен тайынар емес.

Думан Зікіряев, саяжай тұрғыны:

- Мына жол ашылмаса, ел осы жерде жатады, өлуге дайын, трактордың астына да түседі. Өйткені жұрт күйіп біткен. Ертең мына жол жабылатын болса, оқушылар мектепке қалай барады?! Аялдамаға дейін бірнеше шақырым жаяу жүру керек. Жұмыстың тоқтағанын талап етеміз.

Таулы аймақта орналасқан саяжай тұрғындары екі күннен бері «қамауда қалғандай күй кештік» деп ашынады. Өйткені қаламен байланыстыратын жалғыз жол қазылып, үлкен шұңқырға айналған. Енді мұнда не жедел жәрдем қызметі, не құтқарушылар кіріп шыға алмайды. Жалғыз аяқ жолға зар болғандар жергілікті әкімдіктің табалдырығын талай мәрте тоздырғанымен, еш нәтиже шығара алмаған.

Ауасы таза, табиғаты тамаша Алатау бөктеріндегі элиталық ауданның сұрқын бір ғана саяжай қашырып тұрғандай. Себебі, ел аузында «Аврора-Монтажник» деп аталып кеткен бұл аумақ өркениеттен жұрдай. Жолы ойдым-ойдым, көгілдір отын тартылмаған, электр сымдарының тоз-тозы шыққан. Енді шаһарға апаратын жолдың жабылғаны тіптен жығылғанға жұдырық болды. 

Сәуле Нұрғалиева, саяжай тұрғыны:

Міне, газ құбырды қойып қойды. Ешкім тексеріп жатқан жоқ. Ол қосыла ма, қосылмай ма, оны білмейміз. Пандемия жүріп жатыр. Біз қалай күн көруіміз керек?! Электр сымдары әрең, бір-біріне жалғанып әйтеуір, тұр. Ақша жинап, өз өмірімізді өзіміз көріп жатырмыз. 21 ғасырда мынау ұят!  

Көп ұзамай дау тудырған жердің иесі де төбе көрсетті. «Заңды түрде 40 соттық жер учаскесін сатып алдым» деген азамат бұл жолға зәулім үй тұрғызуды жоспарлапты. Айғайға басқан бұқарадан қаймықты ма, әйтеуір ол: «Жаяу адам жүретін баспалдақ салып беремін» деп ант-су ішті.

Тимур Нұрмағамбетов, жердің иесі:

Бұл жол ешқандай картада жоқ. Халыққа ыңғайлы болған соң жолды өздері жасап алған. Тұрғындардың жанайқайын түсінемін. Сондықтан оларға өз жерімнен төрт метр бөліп, бетоннан баспалдақ салып беремін. Менің жерімнен басқа қалаға шығатын жол жоқ емес, бар. Бірақ оның айналма, әрі шұрық-тесік болғанына мен кінәлі емеспін.    

Саяжай тұрғындарының соңғы үміті – қала билігінде. Халық енді бірауыздан атқамінерлерден сиқы қашқан көшені жөндеп беруді сұраймыз деп тарқасты. Егер шенеуніктерден қайыр болмаса, қарашаға карантиннің мерзімі мәжбүрлі түрде созылуы ғажап емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде