{metadescription}
0:000:00
Қаптаған құмырсқа маңғыстаулықтардың үрейін ұшырды

Қаптаған құмырсқа маңғыстаулықтардың үрейін ұшырды

Маңғыстау облысында құмырсқа қаптап кетті. Ел аузында сарықұмырсқа атанған жәндіктер қазір бірнеше аудан мен Ақтауда өріп жүр. Тұрғындар темір мен әйнектен басқаның бәрін тегіс жайпайтын зиянкестермен қалай күресерін білмей отыр. Көптен бері жоғалып кеткен жәндіктер қайдан пайда болды?

Әлеуметтік желіде тараған көрініс. Алғашында бұқара қаптаған қандай жәндік екенін түсінбей шошыған. Сөйтсе, өріп жүргендер құмырсқа болып шықты.   

Әлия Бекболатова, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Қалада құмырсқа қаптап кетті. Оны көріп мен қатты қорықтым. Бізде жасыл желек онсыз да жоқтың қасы. Бұл енді соның өзін жайпап кететін болды.

Маңғыстау жұртына бұл зиянкес таңсық емес. Жәндіктер бұған дейін де қаптап кетіп, кейін жоғалған. Енді қайта пайда болды. Мамандардың сөзінше, сарықұмырсқа өте зиянкес жәндік. Баспанаға ұя салса, біттім дей беріңіз. Ол бетонды мүжіп, тасты үгіп, жиһазды жеп қояды екен.

Александр Фокин, дезинсектор:

Сарықұмырсқа өте агресивті жәндік. Онымен мықтап күреспесе, опық жеуіңіз бек мүмкін. Жарты жылда үйіңіздегі жиһаздарды жарамсыз етіп тастай алады. Бұлар темір мен әйнектен басқаның бәрін кеміре береді.

Александрдың айтуынша, бұл жәндік жауыннан кейін жер бетіне шыққан. «Күннің көзі көрініп, су тартылса ұясына қайта кіреді» - дейді. Алайда оның өз еркімен кетуін күтпей, күресу қажет деген пайымда. Ал экологтар жұртты сабырға шақырып әлек

Кирилл Осин, эколог:

- Дәл қазір бұл жәндіктердің ұйығатын шағы. Аталығы мен аналығының жер бетіне шығуының бір себебі сол. Бұлар әрі жаңа мекен іздейді. Екіншіден, олар судан қорғанып, өздерінің және ұрпақтарының өмірін сақтауда. Ал енді үйіңіздің жанында зиянкестердің иелуі пайда болса, онда жағдайыңыз қиындайды.

Онсыз да вируспен күресіп жатқан маңғыстауылықтар енді құмырсқамен алысып әбігер болмақ. Алайда мамандар зиянкестер демде жоғалып кетуі мүмкін дейді. Бірақ сол орынды белгілеп қоюға кеңес береді. Себебі, олар қайта шықпас үшін, сол жерге дизенфекция жасалуы тиіс екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде