{metadescription}
0:000:00
Адасқан туристер тас қараңғыда құздың арасынан табылды

Адасқан туристер тас қараңғыда құздың арасынан табылды

Алматыда тауда адасып кеткен туристер құтқарылды! Ағасы мен қарындасы карантиндегі қатаң тыйымға қарамай, биік шыңды бағындыруға кетіп қалған. Қайтарда жол таппай, шатқалдардың арасында қалып қойды.

- Біз әлі де шатқалға көтеріліп келеміз. Жақын қалдық, әне, шам жанып тұр, жыпылықтап. Зардап шеккендер өздерінің сол жерде екенін білдіріп белгі беруде.

Абырой болғанда таудың бұл бөлігінде ұялы байланыс ұстайды екен. Құтқарушылар түн жамылып, адасқандардың артынан іздеп барды. Белгілі болғандай, карантинде іші пысқан жастар таңсәріде биіктігі 3200 метр Күмбел шыңын бағындыруға шығып кеткен. Содан шатқалдар арқылы Медеуге түсуі тиіс болған. Алайда қайтар жолда адасып, алысқа ұзап кетіпті. Құтқару жасағы адасқандарды тас қараңғыда құздың арасынан іздеп тапты. Егер туристер түнге қалып қойғанда, өмірі қыл үстінде қалғалы тұр екен. Себебі, таудың сүйектен өтер суығында қыздың аяғы үсіп қалған. Құтқарушылар қыздыратын маймен уқалап, аяғына жан бітірді. 25 жастағы жігіт пен 20 жастағы қыз үйіне аман-есен оралды. Карантин тәртібіне бағынбай тауға серуендеуге шығып кеткен ағайындылар жазаға тартыла ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Диас Алтынбеков, Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушысы:

- Сағат 10 шамасында Медеу тау бөктерінен бастап құтқару жұмыстарына кірісті. Сағат 12 шамасында құтқарушылар «Орлиное гнездо» тау бөктерінде екі зардап шегушіні тапты. Оларға көмек көрсетіліп, жылы киім кигізіліп, қалаға жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде