{metadescription}
0:000:00
Мақтааралға Өзбекстанның министрлігі де көмекке келді

Мақтааралға Өзбекстанның министрлігі де көмекке келді

Түркістан облысындағы су басқан аймақтан бір күнде бір миллион текше метр су тартылды. Жалпы осы күнген дейін Нұрлыжол, Ырысты, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Жантақсай ауылдарынан үш миллион текше метрден астам су сыртқа ағызылған.

Төтенше жағдайлар комитеті таратқан мәлімет бойынша, ауылдарда құм толтырылған 85 мың қаптан жалпы ұзындығы 21 шақырымдық уақытша бөгеттер тұрғызылған. Ал суды ағызуға 3 коллектор орнатылыпты. Бұл жағдайға Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінен бөлек, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан құтқарушылар көмекке келген. Үйсіз қалған бірнеше ауылдың тұрғыны туған-туысын паналап отыр. Одан бөлек, Мақтаарал ауданындағы 10 эвакуациялық пунктте 2700-ден астам адам шоғырланған.

Нұрсұлтан Нұрахметов, Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

Апат салдарын жоюға барлығы мың жарымнан астам адам жұмылдырылған. 300-ден аса техника мен 160 мотосорғыш қолданылып атыр. Бұл жұмыстарға Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі де көмекке келді. Олар 200-ден аса адам мен 30 техника мен 50-ден аса мотосорғыш жіберді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде