Мақтаарал: Әлішер Усманов бөлген 5 миллион доллар үлестіріле бастады
Мақтааралда су тасқыны кезінде үйсіз қалғандарға баспана құрылысы басталды. Биліктің есебі бойынша суға кеткендерге арналған жаңа үйлердің алғашқы легі екі айдан соң берілуі тиіс. Ал тұрғындарға мемлекет ақшасын берсе, үйді өздері салып алуға дайын.
11.05.2020
- Бұл жақта тек бір проблема – үйді салып берсе және өздері саламыз деп отыр.
- Ақша берсе, өздеріңіз саласыздар ғой, иә?
- Иә, иә.
Тұрғындардың бұл ұсынысы әлі талқыланатын болады. Ал аудан орталығы Мырзакенттегі жаңа ықшам ауданның құрылысы басталып та кетті. Оның іргетасын премьер-министр Асқар Мәмин мен оның өзбекстандық әріптесі Абдулла Арипов қалады. Жоба бойынша 70 гектар жерге әрқайсысы 100 текше метрлік 505 үй салынбақшы. Ал олардың құрылысына егіні суға кетіп жұмыссыз қалған жергілікті тұрғындар тартылмақ. Сондай-ақ, баспанасын су басып, малы мен егінінен айрылғандарға өзбек олигархы Әлішер Усманов бөлген 5 миллион доллар үлестіріле бастады.
- Тек Жеңіс, Жаңатұрмыс емес, мына жерде 30 мың көшті,соның әр отбасына Әлішер Усмановтың мың доллардан ақшасын беріп жатырмыз. Сертификатпен аласыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!