{metadescription}
Ақтау: Көше тазалаумен айналысатын мекеме жұмысшылары қосымша жұмыстарға жегілген
Ақтау: Көше тазалаумен айналысатын мекеме жұмысшылары қосымша жұмыстарға жегілген

Ақтау: Көше тазалаумен айналысатын мекеме жұмысшылары қосымша жұмыстарға жегілген

Ақтауда көше тазалаумен айналысатын мекеме жұмысшылары басшылықтың орнынан кетуін талап етті. Өйткені олар көше сыпырудан бөлек, қаланы санитарлық залалсыздандыру мен көгалдандыру жұмысына қосымша жегіліп жатыр екен. «Қара жұмыстан алатын жалақымыз 67 мың теңгеден аспайды» - деп ашынады.

Коммуналдық мекемеге жаңа басшы өткен жылы келген. «Оның келісі жағдайды ушықтырып жіберді» - дейді жұмысшылар. Жұмыс арасында әжетханаға сұрануға болмайтындай темір тәртіп орнатқан ол, қит етсе, жұмыстан шығаруға машықтаныпты. Осы жылы қаланы санитарлық залалсыздандыру мен көгалдандыруға бюджет бөлген 1 миллиард 700 миллион теңгені аталмыш мекеме еншілепті. Алайда бұл жұмыстармен көше тазалаушылар айналысып жүр. Соның салдарынан тазалықтан бөлек, жұмысшылар «санитар мен ағаш отырғызушы болып кеттік» деп қынжылады. Оның ақысы да төленбеген. Ал дау шыққан мекеме басшысы басы ауырып тұрғанын сылтау етіп, түсінік беруден ат-тонын ала қашты.

Дәмегүл Санақаева, жұмысшы:

- Тек қана көгалдандыру емес, басқа жұмыстарға да жұмсайды. Біреудің қызының жүгін апаратын да осылар, адам өлетін болсада осыларды жұмсайды. Сонда бұлар аула тазалаушылар ма, әлде әмбебап адамдар ма? Осы 200 адамды бүкіл жерге жұмсап, ақшасын алып отыр. Қайда сол миллиардтар, неге бермейді осы қара жұмысшыларға, үлкен үкімет қайда қарап отыр?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде