{metadescription}

Коммуналдық қызмет ақысы өтелетіндердің жаңа тізімі

Қазақстанда коммуналдық қызмет ақысы өтелетіндердің ауқымы кеңейді. Жалпы тізім қоғамның ең осал топтары ретінде саналатын жеті санатты қамтиды. Оларға наурыз-сәуір айларының әрқайсысына 15 мың теңгеден беріледі.

Оның ішінде: 1, 2, 3 - топтағы мүгедектер, Екінші дүниежүзілік соғыстың мүгедектері мен қатысушылары және соларға теңестірілгендер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған және көп балалы отбасылар, ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер, мемлекеттік немесе қоғамдық, әскери немесе құқықтық міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар.

Бұдан басқа, жергілікті бюджет шамасына қарай бұл тізімді ұлғайта алады.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі:

Барлығы 1 миллион 600 мың отбасы осы санаттарға кіреді. Оған Үкіметтен 49 миллиард 300 миллион теңге бөлінді. Ол қазір барлық өңірлерге таратылды. Карантин жарияланған барлық елді мекендердің тұрғындарының жеке есеп-шоттарына түседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде