{metadescription}
0:000:00
Жұрт: Карантинге жабылған қалаға ұшақпен кірдің не, жаяу кірдің не? 

Жұрт: Карантинге жабылған қалаға ұшақпен кірдің не, жаяу кірдің не? 

Бүгіннен бастап ұшаққа міну үшін COVID-19-ға тест тапсырудың қажеті жоқ. Көліктегі бас санитар дәрігер осындай қаулы шығарды. Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, соңғы он күнде ұшақтағы жолаушылардан коронавирус табылмапты. Сондықтан қымбат тест тапсырмай-ақ, ел ішінде ұшып-қонуға рұқсат беріліп отыр. Алайда әуежайда бетперде тағып жүру, жолаушылардың дене қызуын тексеру, ара қашықтықты сақтау талаптары сақталады. Ұшаққа билет алып қойғандар басқа нені білуі керек?

11-мамырдан бастап ұшаққа билет алған жолаушылардан коронавируспен ауырмайды деген анықтама талап етілмейді. Құны 20 мың теңге тұратын тест тапсырып, қалтаға қосымша салмақ салатын талап күшін жойды. Еліміздің көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, соңғы 10 күнде ұшақ жолаушыларынан қауіпті вирус анықталмапты. Сондықтан жолаушылар, экипаж мүшелері мен әуежай қызметкерлерінен енді ешкім біржапырақ қағаз талап етпейді.

Сәдуақас Байғабылов, Көліктегі бас санитар дәрігер:  

- 1-10 мамыр аралығында шамамен 5200 жолаушы арлы-берлі ұшқан. Олардың ешқайсысынан қауіпті індет белгілері байқалған жоқ. Сондықтан елімізде төтенше жағдайдың тоқтатылуына байланысты, «ұшаққа міну үшін тест қорытындысы қажет» деген талапты алып тастауға шешім қабылдадық.

Әуежай мен ұшақтағы қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады. Әуежайға кіріп-шыққандардың дене қызуы тексеріліп, жолаушылардың бетперде киіп жүруі міндетті. Ара-қашықтық сақталып, ұшақ бортын әр рейс сайын залалсыздандырып тұру қажет. Өйткені бүгіннен бастап еліміздің 7 қаласына әуе рейстері ашылды. Тиісінше жолаушы нөпірі де көбейіп, вирустың өршіп кету қаупі бар.

Нұржан Малаев, Қазақстан авиациялық әкімшілігі тасымалдау департаментінің директоры:

- Бүгіннен бастап Тараз, Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды қалаларына қосымша рейс басталды. Атырау, Ақтау қалаларына ашылуы сондағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер сол қалаларда жағдай жақсы болса, рейстер ашылады.

Ішкі рейстер жандана бастағанымен, кез келген адамның әуежайға кіруіне тыйым салынады. Тіпті туысыңызды ұшақтан күтіп алуға немесе шығарып салуға да рұқсат жоқ. Ал жөтел қысқан немесе қызуы бар азаматтар билеті болса да, ұшаққа отырғызылмайды.

Тест тапсырмай-ақ, ұшақпен емін-еркін ел аралауға болады деген жаңа ереже қарапайым халықтың ашу-ызасын тудыруда. Мәселен, бүгін Алматы мыңында тұратын тұрғындар жаяу немесе көлікпен блок-бекеттерден өте алмай әбден әбігерге түсті. Өйткені көбінде коронавирустың бар-жоғын анықтайтын аталмыш тест қорытындысы жоқ. Ашулы жұрт: «Карантинге жабылған қалаларға ұшақпен кірдің не, жаяу кірдің не, бәрібір емес пе?» - дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде