{metadescription}
0:000:00
Билік карантиннен кейін ел экономикасын оңалтуға не жоспарлап отыр?

Билік карантиннен кейін ел экономикасын оңалтуға не жоспарлап отыр?

Коронавирустың салдары жойқын болады. «Сондықтан елдегі көптеген бизнес субъектілерінің барлығын сақтап қалуға мемлекеттің шамасы жетпейді», - деді президент. Бұл дегеніміз – көптеген жұмыс орындары жабылады. Мемлекет басшысы пандемиядан сабақ алып, бірқатар салалардың жаңғыртылатынын да айтты. Сондай-ақ, елімізде Биологиялық қауіпсіздік кеңесі жасақталмақ. Билік карантиннен кейінгі ел экономикасын оңалтуға тағы не жоспарлап отыр?

Пандемия еліміздегі барлық бизнес субъектілерін тәлтіректетіп жібергені айтпаса да түсінікті. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлер мемлекеттің жәрдеміне мұқтаж. Үкімет қазірден қамға кірісіп жатыр. Мәселен, несие берушілердің қысымына жол бермеу үшін Тоқаев заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты банкроттық туралы іс жүргізуді осы жылдың 1-қазанына дейін тоқтата тұруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті: 

Бизнесті қолдаудың тағы бір амалы ретінде банктер мен басқа да қаржылық ұйымдар несиелерін өтеуді кейінге шегеретін салалардың қатарын кеңейту керек. Бұл тізімге сауда, өңдеу кәсіпорындары, көлік және қоймалар, тұрғын үй және тамақтандыру, ақпарат пен байланыс, білім және денсаулық сақтау салалары қосылуы тиіс. 

Елдегі инфекциялық ахуалға бұрынғыдай емес, ерекше екпін қоймаса болмайды. Қауіпті вирус бізді соған көндірді. Енді телемедицинаны жетілдіріп, қашықтан диагностика жасауды ілгерілетуге көңіл бөлінбек. Әйтпесе COVID-19 бір толқынмен ғана шектеледі дегенге сену қиын. Сайып келгенде, елімізде Биологиялық қауіпсіздік кеңесі деген жаңа ұйым құрылатын болды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейтуіміз қажет. Пандемияның кезекті өршуіне тәжірибелік тұрғыдан ғана емес, ғылыми жағынан да әзір болғанымыз жөн. Үкімет беделді ғалымдар мен сарапшыларды жұмылдырып, Биологиялық қауіпсіздік Кеңесін жасақтауы тиіс.

Әлемдік экономиканы іркілткен індет жер жүзіндегі еңбекке жарамдылардың жартысына жуығының табысын кемітіп тастады. Бірақ президенттің сөзінше, бізде бұл қысылтаяң шақтан өтуге қаржы резерві жеткілікті. Яғни, еліміздегі ахуал басқа елдермен салыстырғанда анағұрлым жақсы көрінеді. 

Коронавирус пандемиясы әлемдік экономиканың әупіремдеп қалуына әкеп соқты. Президенттің сөзінше, тіпті ұзаққа созылатын экономикалық дағдарысқа да алып келуі әбден мүмкін. Жер жүзіндегі 400 миллионнан астам кәсіпорынның тақырға отыруына сәл-ақ қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.