Алматыда жабық бутиктерден қымбат киім тонаған
Карантин кезінде киім сататын дүкендерді тонаған! Алматыда жабық тұрған бутиктерді бұзып кіріп, ішіндегі қымбат киімдерді алып жатқан ұрылар қылмыс үстінде ұсталды.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
12.05.2020
Бетперде киген азаматтардың арам пиғылы бейнебақылау камерасына да түсіп қалған. Видеода қолына түскен киімдерді сөмкеге салып жатқан азаматтарды анық байқауға болады. Ұрылар дүкен құлпын ашуға арматура, қайшы пайдаланыпты. Қамауға алынғандар осы сипаттас қылмыстары үшін бірнеше мәрте сотталған. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!