{metadescription}
Шымкенттегі жедел жәрдем қызметкерлері үстеме ақы талап етуде  
Шымкенттегі жедел жәрдем қызметкерлері үстеме ақы талап етуде  

Шымкенттегі жедел жәрдем қызметкерлері үстеме ақы талап етуде  

Шымкенттегі жедел жәрдем станциясының жұмысы бүгін бірнеше сағатқа тоқтап қалды. Себебі, төтенше жағдай кезінде берілуі тиіс «үстеме ақыдан қағылдық» деген фельдшерлер мен көлік жүргізушілері мемлекет есебінен бөлінген ақшаны талап етіп наразылық танытты.  

- Біз тура солай сияқты, қауіп-қатерге басын тіккен топта тұрмыз. Білмейміз, қандай науқасқа баратынымызды. Өйткені, мысалы, ауырып жатыр деп бардым, ол науқаспен байланыста болып шықты. Біреудің басы ауырып жатыр деп бардым, ол КВИ болып шықты. Біз бәріміз қауіп-қатер тобындамыз.  

Отбасын айлап көрмегендер еңбегі еленіп, үстеме ақыға ілінеді дегенде, бөркін аспанға атып қуаныпты. «Бірақ соны төлеуге келгенде басшылық сараңдық танытты» - дейді. Көпшілігі мүлдем алмаған. Ал ақша тигендеріне тек 20-30 мың теңге көлемінде қаржы түскен. Наурыз айында «дәрігерлерге беріледі» деген 200 мың мен 850 мың теңгені шымкенттік ақ халаттылар «түсімізде де көрмедік» деп отыр. Себебін сан сұрағанмен, басшылары мардымды жауап бермей, ақыры ашуға мінген жұрт бірден Денсаулық сақтау министріне хат жазуды ұйғарған. Десе де, үстеме ақы талап еткендерді тыныштандыруға полицейлер жетіп, артынан қала басшылары келді. Әкім орынбасары Ербол Садырдың сөзінше, Шымкентте 42 дәрігер коронавирус жұқтырған. Бірақ оларға уәде еткен 2 миллион теңге төленбепті. Себебі, үйінде ауырған дейді. Ал шулаған жедел жәрдем қызметкерлеріне қосымша ақша бөлу мәселесі әлі қаралып жатыр екен.

Ербол Садыр, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

- Біз осы жерде халыққа күндіз-түні қызмет жасайтын азаматтар – біз бен сіздер. Тура сіздер сияқты біз де жүрміз, күндіз түні, сол аурудың ортасында. Ең қауіп-қатерлі екенін бәріміз түсінеміз. Бірақ мұның бәрі біздің жұмысымыз ғой. Сондықтан бірге, бірлесіп отырып қарайық, келісесіздер ме?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде