{metadescription}
Мемлекет басшысы Алматыдағы эпидемиологиялық жағдаймен танысты
Мемлекет басшысы Алматыдағы эпидемиологиялық жағдаймен танысты

Мемлекет басшысы Алматыдағы эпидемиологиялық жағдаймен танысты

Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайды бүгін мемлекет басшысының өзі келіп көрді. Алдымен коронавирусты анықтауға арналған жаңа мобильді скрининг орталығының жұмысымен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев, заманауи медициналық қондырғылардың індетті жеңу жолында септігін көп тигізетінін ерекше атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Пандемия шын мәніндегі соғыс. Сондықтан соғыстың аты соғыс. Бәріміз бірге болып, пандемияны жеңіп кетеміз.

«Жұқпалы дертпен күресуде ақ халаттылардың еңбегі ерен» деген президент орталық қызметкерлерін халықаралық медбикелер күнімен де құттықтады.

Өткен аптада ашылған мобильді скринингтік орталықта қаныңызда Covid-19 вирусының бар-жоғын көліктен шықпай-ақ 3-5 минутта білуге болады. Қасым-Жомарт Тоқаев кейін ботаникалық бақты да аралап көрді. Айта кетейік, демалыс орнына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 15 млн доллар қаражат кеткен.

Президент Алматы халықаралық әуежайының қайта жөндеу жоспарымен және шаһардағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалармен танысты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде