{metadescription}
0:000:00
Алматы блок-бекеттеріне қосымша күш тартылуда

Алматы блок-бекеттеріне қосымша күш тартылуда

Әскерилер кетсе де, қатаң тәртіп өзгермейді. Алматының маңындағы блок-бекеттерде Қорғаныс министрлігінің сарбаздары қызметін тоқтатып, әскери техникаларын алып кетті. Алайда карантин режимі әлі жүріп жатқандықтан, ендігі бар салмақ полицейлердің мойнына артылған.

Қалаға кіретін жолдарда бұған дейін мұздай қаруланып, блок-бекеттерге сұс берген әскерилер мен техникалардың бірі де жоқ. Барлығы бөлімшелеріне қайтып жатыр. Ал облыс пен қала шекарасындағы қарбаласты реттеу тек полицейлердің міндетіне көшкен. Десе де төтенше жағдай аяқтала сала, шаһарға лап қойған тұрғындар әлі де бекеттерді торуылдап, әрі-бері өтудің амалын қарастырып жүр. Екі ортада кептелген көлік санында қисап жоқ. Сондықтан карантин кезінде тәртіп бұзудың алдын алуды ойластырған тәртіп сақшылары бекеттердегі полицейлердің санын арттырып, қосымша күш тартып жатыр екен.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Полиция қызметкерлері әлде де өз жұмысын жалғастыруда. Блок-бекеттердің де саны азайған жоқ. 27 блок-бекетте мыңға жуық полиция қызметкерлері жұмыс атқарып жатыр. Аудандық полиция басқармаларынан оларға қосымша күштер берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде