{metadescription}
Карантинді жеңілдетудің үш кезеңі
Карантинді жеңілдетудің үш кезеңі

Карантинді жеңілдетудің үш кезеңі

Карантиннің қатаң қағидасы қашан жіпсиді? Елдің бас санитар дәрігері шектеу шараларын қалай, қандай жағдайда босаңсыйтынын түсіндірді. Карантинді жеңілдету үш кезеңге бөлінген.

Бірінші кезекте коронавирустың тіркелуі басты назарға алынады. Мәселен, наурызда оның өсу көрсеткіші 150 пайызға жетсе, қазір орташа екі пайыздың төңірегінде. Соңғы бір апта көлемінде  бес пайыздық межеден аспапты. Егер осы бір аптада ауырғандар жеті пайыздан жоғарыламаса, онда карантиннің бірінші кезеңінен өтеді екенбіз. Екінші кезеңнің өтудің талабы – Ковид-19 жұқтырғандардың көрсеткіші бес пайыздан аспауы тиіс.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас санитар дәрігері:

Карантинді жеңілдетудің үшінші кезеңі ауырғандардың көрсеткіші екі пайыздан аспаған жағдайда күшіне енеді. Әзірге карантиндік шаралар сол күйінде сақталып тұр. Бәрі аурудың беті бері қайтқанына байланысты. Дегенмен қазірдің өзінде көптеген мекемелер жұмысын жандандырды. Бәрі де санитарлық талапты сақтауға міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде