{metadescription}
Тоқаев үдемелі салық түрі қалай есептелетінін түсіндіріп берді
Тоқаев үдемелі салық түрі қалай есептелетінін түсіндіріп берді

Тоқаев үдемелі салық түрі қалай есептелетінін түсіндіріп берді

Үдемелі салық Қазақстанда 15 пайыздан аспау керек. Оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары барысында айтты. Тоқаевтың тапсырмасынан кейін-ақ бұл тақырып ел аузында қызу талқыланып жатыр. Салықтың бұл түрін енгізу салық әділеттілігі үшін керек десе, кей сарапшылар одан жалтарып кететіндер де болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ол қандай жол? Тілшіміз оны сарапшылардан сұрап білді.

Президент Үкіметке үдемелі салық түрін енгізу мәселесін қарастыруды кеше тапсырған еді. Бүгін оның қалай есептелетінін өзі шамалап түсіндіріп берді. Тоқаевтың айтуынша, табыс салығын 10 пайыздан көп төлеу тек жылдық табысы 25 миллион теңгеден асатындарға қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:  

Мысалы, менің түсінігімде адам 300 мың теңгеге дейін табатын болса, ол шамамен 7 пайыз салық төлеуі керек. Ал орта тап өкілдері, яғни 300 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін табатындар 10 пайыз төлегені дұрыс. Бірақ, Қазақстандағы табыс салығы 15 пайыздан аспауы керек.

Жалпы, салықтың бұл түрі бізде 2007 жылға дейін болған. Ал бүгінде әлемде 29 ел, оның ішінде Қазақстан да бар, салықтың жалпыға ортақ түрін қолданады. Бәріне бірдей 10 пайыз. Қалған мемлекеттердің барлығы прогрессивті салық түріне өткен. Біздің қашан өтеріміз беймәлім. Әзір тек талқыланып жатыр.

Мәди Такеев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі: 

- Жеке табыс салығының жергілікті бюджеттегі едәуір үлесі бар, 34 пайыз. Ал республикалық бюджетте 9 пайызға жетеді. Прогрессивті салық түрі бізде қалай есептелетінін, межелері қандай болатынын арнайы жұмыс тобы айтады. Заңға енгізу жағы содан кейін ғана ойластырылады.

Сарапшылардың айтуынша, табысы көп азаматтар салықты көп төлемеу үшін өзін жеке кәсіпкер ретінде тіркеп жіберуі мүмкін. Мәселен, бізде кәсіпкерлердің бірнеше салық режимі бар. Соның бірі жеңілдетілген салық режимі, 3 пайыз ғана-ақ. Оларға жалақысын солай алған қолайлы болып қалады дейді. Әйтсе де жаңа салық межелерін бекітуге статистика жүргізу керектігін барлығы қолдап отыр.

Мамандардың айтуынша, жаңа салық түрін енгізуде шетелдік тәжірибені қолдану да қиын. Себебі, шетелде түбегейлі салық органдарының жұмысы бізден мүлде басқаша. Сондықтан президент тапсырма бергенімен, прогрессивті салық түрі әлі ұзақ талқыланатыны сөзсіз. Оған жауапты мемлекеттік органдармен бірге сарапшылар, сала мамандары қатысады және талқылау барынша ашық өтеді деп сендіріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.