Алматы: «Нұрлы тауда» астыртын казино ойнаған
Құлқынның қамы карантинге қарамайды! Алматыда бай-бағландар тұратын «Нұрлы тау» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде астыртын казино ойнағандар ұсталды. 4-мамырда Алматының экономикалық тергеу департаменті жүргізген операцияның видеосы бүгін жарияланды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
13.05.2020
Қаптаған фишка. Бума ақша. Көлденең көк аттылар мұнда кірмейді. Тек рұқсаты барлар жіберіледі. Пәтерде казиноны ұйымдастырушылар идеяны голливудтық белгілі фильмінен алған ба дерсіз. Қазір бұл жайт бойынша «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар пәтерде болғандардың бәрі де карантин режимін бұзғаны үшін де жауапкершілікке тартылды.
Азат Мұхамедиев, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің сарапшысы:
- Жасырын ойынхана қызметін ұйымдастырушыларға 2000 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе ойынхана қызметін ұйымдастырушылар 2 жыл көлеміндегі бас бостандығынан шектеу жазасы қарастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!