{metadescription}
Павлодарда карантиндегі үйдің жоғары қабатынан ер адам құлап кетті 
Павлодарда карантиндегі үйдің жоғары қабатынан ер адам құлап кетті 

Павлодарда карантиндегі үйдің жоғары қабатынан ер адам құлап кетті 

Керекуде ер адам жұмбақ жағдайда үшінші қабаттан құлап кетті. Таңғы сағат 10 шамасында биіктен жерге құлап түскен азаматқа сол маңдағы тұрғындар жедел жәрдем шақыртыпты.

35 жастағы ер адам қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Үшінші қабаттан оңбай құлаған оның қолы мен жамбас сүйегі сынып, миы шайқалған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол осы үйде тұратын сүйіктісін көруге ынтызар боп, үшінші қабатқа өзі өрмелеп шыққан. Ал өзге ақпараттарға сүйенсек, ер адам бұл  үйде қонақта болып түнеген. Кейін ішімдік алуға сыртқа терезеден шықпақ болған-мыс. Пәтер орналасқан подъез осыдан 11 күн бұрын карантинге жабылған. Үй тұрғындары жақында ғана есік алдында келіншегімен қол ұстасып жүрген ер адамның мұндай жайтқа ұшырағанына аң-таң.

Мақпал Қаржаубай, Павлодар облыстық ДСБ баспасөз хатшысы:

- Ер адамның карантиндік үйден жеткізілгеніне байланысты ол адамнан COVID19-ға тест алынатын болады. Қазір ол адамның мас немесе сау болғаны белгісіз. Қан талдамасы алынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде