{metadescription}
SOS! Алматыда алты баланың ата-анасы мен туысы іздестірілуде
SOS! Алматыда алты баланың ата-анасы мен туысы іздестірілуде

SOS! Алматыда алты баланың ата-анасы мен туысы іздестірілуде

Тәлкекке түскен кішкентай тағдырлар. Алматыда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында алты баланың ата-анасы мен туыстары іздестіріліп жатыр. Олардың үшеуі наурыз айының басында, қалған үшеуі карантин режимі басталғанда орталыққа жеткізіліпті. Бірақ ешқайсының құжаты жоқ. Қай жерде дүниеге келді, туысқандары кім, о жағын ешкім білмейді. Енді түрлі сұрау салып нәтиже шығара алмаған орталық қызметкерлері көпшіліктен көмек сұрайды.

- Мамам, папам қайтыс болған соң, басқа сенер адамым жоқ.

Жанары жасқа, көкірегі шерге толған Әйгерім Әлиеваның ертең туған күні. Буыны бекімеген жасөспірім 15-ші көктемін жалғыз қарсы алмақ. Жақында анасы да көз жұмған ол өзге туыстары жөнінде жарытып ештеңе білмейді.

Әйгерім Әлиева:

- Папам 7 айлығымда қайтыс боп кеткен екен. Мамам айтты, Асхат болған аты. ФамилиясыМаматов. Маманың аты-жөніӘлиева Гүлжан Қалмаматқызы.    

Кәмелетке толмағандарды бейімдау орталығында Әйгерім секілді тағдыр тәлкегіне ұшыраған тағы 5 бала бар. Үшеуі наурыз айының басында, қалған үшеуі карантин кезінде орталыққа жеткізіліпті. Алтауынан ешқандай құжат табылмаған. Тіпті ағайынды Әшім мен Мәлика тегінің кім екенінен хабарсыз. Көшеде қаңғып жүрген қос бүлдіршінді полицейлер жетектеп әкеліпті.  

Балалардың айтуы бойынша, анасымен бірге тұрмаған. Көршілерінің, әркімнің қолында өскен балалар.

Алтаудың тағдырына алаңдаған орталық мамандары балалардың ата-аналарынан бөлек, жақындарын да іздестіріп жатыр. Көрген-білгендер болса, жедел орталыққа хабарласып, көмектесуін сұрайды.

Раиса Сейполдаева, Алматы қалалық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының міндетін атқарушы:

Орталықта 31 бала бар. Осы 31 баланың ішінде 6 бала құжатсыз. Кімде-кім осы балаларды танып жатса, бізбен хабарласса деп сұраймыз. Өйткені балалардың айтуымен ғана атаулары бар.

Қызметкерлердің айтуынша, жан-жаққа қанша сұрау салғанымен, нәтиже шықпаған. Ең сорақысы, алты баланың алды 15 жаста болса да ешбірі әлі күнге дейін мектеп табалдырығын аттап, кітап бетін ашпаған екен.  

- Бұған дейін оқыдыңдар ма?

- Жоқ.

- Мектепке барып көрмедіңдер ме?

- Жоқ.

Бибігүл Тәженова, әлеуметтік ұстаз:

- Бейімдеу орталығы балаларды қолға алып әріп, сабақ, жазу үйретіп, әр түрлі жұмыс жүргізіліп жатыр – психологиялық, педагогикалық. Бейімделіп жатыр.  

Жанары жәутең қаққан жеткіншіктер құжаттары қалпына келгенше үш ай осы орталықта жатады. Бірақ түрлі қиындықтардың кесірінен бұл мерзім созылуы мүмкін дейді мамандар. Ал тірі жетімнің күйін кешкен кішкентай тағдырлар тезірек өз үйіріне оралғысы келеді.

- Тым болмағанда мамамның туыстары табылса, тәтем құрлы, анам деп айтар едім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде