Қазақстанда тыныштық режимі өзгерді
Көршілерінің түнгі шуылынан шаршағандарға жағымды жаңалық. Қазақстанда тыныштық режимі өзгерді. Халық денсаулығы туралы жаңа кодекс бүгін Мәжілісте мақұлданды. Осыған дейін түнгі 11 мен таңғы 6 арасында пәтерлерде шулауға болмайтын. Енді оның уақыты тыныштықты қалайтын жандардың қалауына қарай өзгерді. Ережені елемегендерге 15 мың теңгедей айыппұл қарастырылған.
13.05.2020
Зәуреш Аманжолова, мәжіліс депутаты:
- ҚР конститутцияның 14-бабының заң мен сот алдындағы жұрттың бәрінің теңдігі туралы талаптарын сақтау мақсатында тыныштық режимін сақтау бойынша уақыт барлық халыққа бірдей болып белгіленді. Жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9 ға дейін, демалыс және мереке күндері түнгі 23-тен таңғы 10-ға дейін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!