{metadescription}
Сот отырысы: «Бек Эйр» қыруар қаражатты қалай қайтарады?
Сот отырысы: «Бек Эйр» қыруар қаражатты қалай қайтарады?

Сот отырысы: «Бек Эйр» қыруар қаражатты қалай қайтарады?

«Бек Эйрден» билет құнын қайтара алмай жүрген жолаушылардың саны еселеп артты. Әуе апаты кезінде рейстері тоқтап, жоспарлары күл-талқан болған 670 адамның құқығын сотта Тұтынушылар комитеті қорғап жатыр. Лицензиясынан айрылған атышулы әуе компаниясы еліміздің түкпір-түкпіріндегі жолаушыларға шамамен 44 миллион теңге берешек. «Бек Эйр» қыруар қаражатты қалай қайтарады? Онлайн өткен сот отырысын тілшіміз бақылады.  

Динара жарты жылдан бері «Бек Эйр» әуе компаниясымен алысып келеді. Бірақ нәтижесі аз. «Екі билеттің ақшасын алу азап болды» деген әйел амалдың жоқтығынан Тұтынушылар комитетіне жүгініпті.

Динара Темірбек, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Мен екі қызыма қарашада және желтоқсанда екі билет алдым. 80 мыңға жуық шықты. Әлі ақшаны ала алмай жүрмін. «Бек Эйр» мүлдем жауап бермейді. Қызым ұшуы керек болды. Сосын «Эйр Астанадан» екі есеге қымбат билет алдым.

Динара сынды шығынға батып билет құнын қайтара алмай жүргендердің қарасы қалың. Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінен көмек сұраған жолаушылардың саны елімізде 670-ке жетіпті. Олар 44 миллион теңгеден астам сомаға 1267 билет сатып алған екен.

Әлихан Шәкенов, Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің басқарма басшысы:

- Заңда барлығы тайға таңба басқандай жазылған. Әуе компаниясы өзіне жүктелген қызметті атқара алмаса, жолаушыларға билет құнын қайтарып беруі тиіс. Болмаса, міндетін орындауы қажет. Комитетке тұтынушылардан күн сайын ондаған өтініш түседі. Олардың саны алдағы уақытта еселеп артса, таңқалмаймын.Ал біз соңына дейін күресуге дайынбыз.

Онлайн өткен кезекті сот отырысында «Бек Эйр» әуе компаниясының өкілі жоспары күл-талқан болған жолаушыларға бас-аяғы 300 миллион теңгеге жуық ақша қайтарылғанын алға тартты. Бірақ судья мен қарсы тарап құр сөзден гөрі, нақты дәлел-дәйектер көрсетуді талап етті. Енді басынан дау арылмаған «Бек Эйр» келесі сот процесінде есеп-қисаптарын көрсетіп, қыруар қаражат жолаушылардың қолына тигенін дәлелдеуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде