{metadescription}
Атырауда коронавирус жұқтырған әйелдердің екеуі босанды
Атырауда коронавирус жұқтырған әйелдердің екеуі босанды

Атырауда коронавирус жұқтырған әйелдердің екеуі босанды

Атырауда коронавирус жұқтырған әйелдердің екеуі босанды. Айы-күні жетіп дүниеге келген сәбилерден COVID-19-ға сынама алынды.

Қазір жас босанған аналар мен нәрестелердің денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында. Ал коронавирусқа қатысты тест қорытындысы оң нәтиже берген тағы екі әйел босану уақытын күтіп, жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр.

Өткен аптада облыстық перинаталдық орталықта ауру ошағы табылып, төрт жүкті әйелден қатерлі дерт анықталған. Олармен жақын байланыста болған перинаталды орталықтың  9 медицина қызметкері мен 29 жүкті әйел оқшауланып, карантинге жатқызылған. Ал жас босанған екі әйел әлі де 14 күндік карантиндік стационарда жатады. Сәбилері бөлек күтімге алынды.

Аслан Жеңісұлы, Атырау облыстық ДСБ ресми өкілі:

- 29 және 24 жастағы жүкті әйелдер инфекциялық стационарға жүктіліктің 38-ші аптасында короновирус инфекциясының белгілері байқалмай расталған жағдаймен қабылданған. Босанған аналар жұқпалы аурулар бөлімшесінде, хаттамаға сәйкес емін жалғастыратын болады. Нәрестелер анасынан оқшауланып, арнайы әзірленген таза палатаға ауыстырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде