{metadescription}
COVID-19: Еліміздігі кеселге шалдыққандар мен жазылғандар
COVID-19: Еліміздігі кеселге шалдыққандар мен жазылғандар

COVID-19: Еліміздігі кеселге шалдыққандар мен жазылғандар

Қазақстанның батысы мен шығысында эпидемиялогиялық ахуал одан әрі ушығып барады. Қос өңірде бір күнде 100-ден аса адамнан вирус анықталды. Індеттің тез таруынан тіпті Семейде карантиндік режимді қайта күшейтуге тура келді. Еліміздігі кеселге шалдыққандар мен одан сауыққандар жайы.     

Атырауда күнен-күнге жағдай ушығып барады. Адамдар топ-тобымен вирус жұқтыруда. Тек соңғы бір тәулікте мұнда 92 дерек тіркелді. Оның 90-ы Теңіз кенішінің жұмысшылары. Осылайша аймақта кеселге шалдыққандар 432 адамға жетті. Қазір науқастармен қатынаста болғандар анықталуда. Ал атқарушы билік індеттің өршуіне адамдардың өзін айыптады.     

Ержан Төлек, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Теңіз кенішінде қазір 2 мыңнан астам адам карантиндік стационарда жатыр, жалпы 17 ауру ошағы бар. Штабтың берген мәліметі бойынша бұған дейінде айтылды, жалпы ондағы мекеме қызметкерлерінің әлі де болмасын әлеуметтік қашықтықты сақтамауы, бірге болғысы келуі, бір орында темекі тартуы – карантиндік талапты сақтамауынан деп отыр.

Шығыс Қазақстанның билігі де жұқпаны ауыздықтауға қауқарсыз. Бүгіннің өзінде екі адамның кеселге шалдыққаны белгілі болды. Ал шенеуніктер амалсыз карантиндік режимді 1-маусымға дейін созды. Осылайша тәртіп қайта күшейтіліп, Семей мен Өскеменге кіріп-шығу қиындады.   

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

- Қазіргі таңда Семей қаласында жағдай өте күрделі. Тек соңғы бес күнде науқастар саны еселеп артты. Облыстағы 53 коронавирс жағдайының 43-і Семейде тіркеліп отыр.

Ақтөбеде қаланы нанмен қамтитын ең ірі комбинат жабылды. Себебі, мұндағы бір жұмысшыдан коронавирус табылған. Қазір наубайханадағы қызметкерлер жаппай тексерілуде. Індет жұқтырған 59 жастағы әйел мекеменің күзет бөлімінде істейді. Мұнда кірген-шыққаның бәрі соның алдынан өтіп жүрген.  

Аманжол Өтеғалиев, Ақтөбе қалалық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының басшысы:

- Кәсіпорында бақылаушы болып жұмыс істейді. Сондықтан бұның қазір ол кәсіпорын бойынша 157 адам байланыстан алынып, оқшауланды. Барлығынан анализ алынды. 146-сынан қазіргі сағатта оң нәтижесін берді.

Жамбылдықтарды да жұқпа жетістіріп жатқан жоқ. Екі күнде індетке шалдыққандар дерегі күрт өсті. Бүгін 6 адамның қатерлі дертке душар болғаны расталды.

Біреуі Тараз, бесеуі Байзақ ауданының тұрғындары. Бұлардың бәрі COVD-19 бен ауырғандармен байланыста болғандар. Олар 14 күн бойы карантинде жатқан еді. Ал соңғы тексерісте кеселдің белгілері анықталған. Қазір сырқаттар инфекциялық стационарға жатқызылды.

Батыс Қазақстанда бір тәулікте 11 адам індетке шалдықса, Алматыда – 6, Нұр-Сұлтанда 0 15 кісі тіркелген. Инфекцияның тарау көрсеткішімен екі мегаполис әдеттегідей көш басында.

Елімізде COVD-19 дертіне душар болғандар саны 5 жарым мыңға жақындады. Оның 2300-ге жуығы ауруынан айыққан. Ал 32 адам қайтыс болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде