{metadescription}
42500 теңгені алатын азаматтар тізімі қысқарды
42500 теңгені алатын азаматтар тізімі қысқарды

42500 теңгені алатын азаматтар тізімі қысқарды

Елімізде 42500 теңгені алатын азаматтар тізімі қысқарды. Еңбек министрі бүгін төтенше жағдай кезінде берілетін әлеуметтік төлемнің тәртібіне өзгеріс енгізді. Әлеуметтік төлемді екінші рет алатындардың қатарынан мемлекет акционер болып отырған мекеме қызметкерлері қағылды.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде жұмысын тоқтатпаған банкте жұмыс істейтіндер де, өзге де қаржы ұйымдарының мамандары да 42500-ді енді ала алмайды. Тілшіміз әлеуметтік төлемнің кімге берілмейтінін айтып берсін.

Ел аузында жүрген 42500 теңгелік әлеуметтік төлемді бұған дейін тек үш санаттағы азаматтар ала алмай келген. Бұл ештеңе емес, бүгін Еңбек министрлігінің бұйрығы шығып, олардың қатары тағы да толықты. 

Енді 42500 теңге жарғылық капиталында үлестері мен акциялары бар заңды тұлғалар, екінші деңгейдегі банке қызметкерлеріне берілмейді. Бұйырыққа 6 мамырда қол қойылғанымен, елде 42500 төленген мерзімді қоса алған. Сол себепті, банктегі мамандардың кейбірі төлемді алып үлгерсе, енді бірі 42500 теңгесіз қалды.

Венера Мурзалина, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сарапшысы:

- Екінші деңгейлі банкте жұмыс істейтін адамдарға әлеуметтік төлем тағайындалған жоқ. Олардың жұмысы тоқтатылған жоқ. Ақысыз демалысқа жіберу жұмыс беруші мен жұмыскер тарапынан келісу бойынша. Жұмыс беруші өз тарапынан ақысыз демалысқа жібере алмайды. Сондықтан Еңбек заңнамасына сәйкес, заңбұзушылыққа жатпайды.

42500 теңгелік әлеуметтік төлем берілмейтіндердің қатарына тағы біраз санаттағы азаматтар қосылды. Қазақстаннан шетелге көшіп кеткендер, жазасын өтеп жатқандар, атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы, зейнетақы алатындар, екі мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлер, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін және өтініш берілген күнге дейін 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір де бір ай қатысу өтілі жоқ адамдар, зейнетақы жарнасын төлемейтіндерге берілмейді.

Венера Мурзалина, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы:

4-мамырдан бастап көп мекемелер жұмысын бастады. Сондықтан мемлекеттік жүйе бізбен бірге, Мемлекеттік кірістер, Ішкі істер министрлігі ақпарат береді. Жалақысын алып жатқан адамға төлем берілмейді.

Тағы бір айтып өтерлігі, екі жерден жалақы алатын қазақстандықтарға «42500 теңге берілмейді» деген смс хабарлама келген жағдайда, қамықпаңыз. Өтінішіңіз бен табысыңыздың жоқтығын растайтын құжат болса, штабқа қайта жүгінуіңізге болады.

16 сәуірге дейін өтініш бергендердің кейбіріне міндетті болса да, екінші мәрте ақша түспепті. Еңбек министрлігі ондай азаматтардан да шағым қабылдап жатыр.

Төтенше жағдай аяқталысымен, 42500 теңгені беру де тоқтатылды. Екінші рет 2,7 миллионнан астам адам алса, жалпы әлеуметтік төлем енгізілген сәттен бастап ол 4,5 млн адамға берілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.