{metadescription}
0:000:00
Үздік экологиялық, әлеуметтік және экономикалық жобаларға қаржы бөлінеді

Үздік экологиялық, әлеуметтік және экономикалық жобаларға қаржы бөлінеді

Алматыда онлайн форматта әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өткізілді. Байқауды Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған. Дүстүрлі түрде 16-шы рет өткізіліп отыр.

Биылғы байқау карантин кезіне тұспа-тұс келіп, барлық қатысушылардың жұмыстары онлайн түрде қабылданыпты. Жаһандық түйткілдерді шешу ісіне үлес қосуға арналған жәрмеңкеге 158 жұмыс ұсынылған. Оның ішінде экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді қамтитын жобалар бар. Қазақстанның әр аймағынан келген үміткерлердің басты мақсаты – табыс көзін ашып, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытып, қоғамның аз қамтылған мүшелеріне көмек көрсету. Бүгін үш аталым бойынша 15 үкіметтік емес ұйым марапатталды. Үздік деп танылған жобаларға енді қаржы бөлініп, олар іс жүзінде жүзеге асырылмақ.

Гүлнар Ершіманова, ҚР Тұңғыш Президенті  – Елбасы  қоры жобаларының бас үйлестірушісі:

- Жәрмеңкенің басты мақсаты – мемлекеттік емес ұйымдармен азаматтық қоғам институттарын тұрақты даму процесіне қатыстыру. Әрбір жоба тұрақты даму процесіне үлкен үлес қосады деп сенім білдіреміз. Ал енді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының  қоры оларға әрқашан да қолдау көрсетуге дайын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде