Мырзакентте тағы 20 үй тұрғызылатын болды
Мақтааралға көмек жалғасуда! Топан судан зардап шеккен Мырзакент ауылында тағы 20 үй тұрғызылатын болды. Оны Тұңғыш Президент қоры мен Nur Otan партиясы құрған Birgemiz қоры салып бермек. Апат аймағына арнайы сапармен барған Бауыржан Байбек құрылысқа бөлінген жерді көріп шықты. Сондай-ақ бөгеттің жарылуынан су астында қалған елді мекен тұрғындарымен кездесті.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
14.05.2020
Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Дініне, тіліне, жағдайына қарамастан, бәріне тең жағдай болуы керек. Солай ғой? Сондықтан мына біздің, көрсетілген...президент тапсырды, ақша бөлінеді, сұрақтар болса, партияға арыз беріңіздер, бақылауға аламыз.
20 үйді салуда 340 миллион теңге бөлінеді. Бауыржан Байбек саман үйлердің орнына газоблоктан аумағы 100 шаршы метрді құрайтын төрт бөлмелі баспаналар тұрғызылатынын мәлімдеді. Құрылыстың сапасын билік партиясы қатаң бақылайды.
Нұротандықтар осыған дейін Мақтаарал жұртына 920 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберген. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын, гигиеналық заттар мен құрылыс жабдықтары бар. Жан-жақтан ағылған көмекке риза болған тұрғындар алғысын жаудырып жатыр.
- Ризашылығымызды Елбасы мен мемлекет басшысына жеткізіңіз. Қазақ бауырлары сондай ынтымақ екен. Кең қазақ ағайындарға алғысымыз шексіз!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары