Алматыда ұрланған Range Rover Жамбыл облысынан табылды
Алматы тұрғынының ұрланған көлігі Жамбыл облысынан табылды. Тіпті сәл болмағанда, оның қымбат машинасы Нұр-Сұрсұлтанға өтіп кете жаздаған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.05.2020
- Range Rover автокөлігі мынау.
Оңтүстік астананың тұрғыны Range Rover-дің ұрланғаны жөнінде дабыл қаққан. Тәртіп сақшылары дереу бағыттама жолдап, хабар жамбылдық әріптестеріне жетеді. Дәл сол сәтте Мойынқұм ауданында Нұр-Сұлтанға бет алған 8 жеңіл көлік тиелген техника тоқтатылады. Ең соңына тіркелген нөмірі жоқ машина полицейлердің күдігін туғызған. Ал жүргізуші оның құжатын көрсете алмай әбден сасыпты. Енді ұры да көп ұзамай қолға түсуі тиіс. Себебі, басы дауға қалған тасымалдаушы азамат қамауға алынып, түсініктеме беріп жатыр. Бұл іспен енді алматылық тергеушілер айналысады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!