Ақмола облысы: Суға кеткен 18 жастағы жігітті достары құтқара алмады
Ақмола облысында 18 жасар жігіт суға кетті. Құтқарушылар мен Сабынды ауылының тұрғындары Нұра өзенінен кеше кешке дейін іздеген. Бүгін таңертең оның денесін сүңгуірлер алып шықты.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
14.05.2020
Сабынды ауылынан сегіз шақырым жердегі өзенге бес жігіт демалуға барған. Кешқұрым сағат бес шамасында жүзіп жүрген 18 жасар жігітті өзен ағызып алып кетеді. Оның айғайлаған дауысын естіген достары көмекке ұмтылғанымен, құтқара алмапты. Қас қарайғанша ауыл тұрғындары мен құтқарушылар оны іздеп таппаған. Тек бүгін таңертең сүгуірлер іске кірісіп, марқұмның денесін судан алып шықты. Жігіт Нұр-Сұлтандағы колледждердің бірінің оқушысы екен.
Алексей Советов, Ақмола облыстық ТЖД бастығы:
- Суға түсу маусымы 1-маусымнан басталады. Оның үстіне қазір карантин – жиналып демалуға рұқсат жоқ. Күн қыздырып тұрғанымен, су мұздай суық. Кім біледі, жүрегі тоқтап, болмаса сіңірі тартылып өзен ағысына қарсы келе алмаған шығар. Оны сот-медициналық сараптама анықтайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!