Щучьеде ерлі-зайыптылар тірідей жанып кетті
Тірідей жанып кетті. Ақмола облысының Щучье қаласында өртенген үйден ерлі-зайыптылардың мүрдесі табылды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
14.05.2020
Таңертең ерте далаға шыққан көршісі мұржадан будақтаған түтінді байқайды. «Күн ыстықта таң атпай пеш жақты ма?» деп, биік дуалдан қараса, үйдің кіреберісі лаулап жанып жатыр екен. Өрт сөндірушілер құтқарып үлгере алмады. Үйден екі бірдей адамның денесін алып шыққан. Марқұмдар 52 және 41 жастағы үй иелері екен. Олар тілсіз жау күш алған кезде ұйқыдан оянса керек. Екеуі де жатын бөлмеден еңбектеп шығып, ас үйге дейін жеткен. Ер адамның денесін толығымен күйік шалған. Ал әйелі түтінге тұншыққан сияқты. Өрттің неден болғаны әзірге белгісіз.
Манарбек Шапағатов, Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Негізінен ас бөлмесі мен дәлізі өртенген. Қыздарының айтуынша, екеуі де темекі шегеді екен. Дәл сол кеште қыздың өзі құрбысының үйінде қонып қалған. Қазір жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!