{metadescription}
Митинг туралы заңның қазақша нұсқасында қатеден көз сүрінеді
Митинг туралы заңның қазақша нұсқасында қатеден көз сүрінеді

Митинг туралы заңның қазақша нұсқасында қатеден көз сүрінеді

Митинг туралы заңның қазақша нұсқасында қатеден көз сүрінеді. Ақпарат министрлігі әзірлеген құжаттан сенаторлар 422 қате тауып, заң жобасына азды-кем түзетулер де енгізіп, Мәжіліске кері қайтарды. Себебі, заңнамадағы кейбір нормалар халықтың бейбіт шерулерге кедергісіз қатысуына мүмкіндік бермейді екен. Ал жиналыс өткізетін жер мiндеттi түрде орталықта орналасуға тиіс.

Сәрсенбай Еңсегенов, Сенат депутаты:

- Мәселені қарап, комитет астананың, республикалық маңызы бар және облыс орталықтары болып есептелетiн қалалар мен олардың құрамына кiретiн аудандарда арнайы орындар мiндеттi түрде орталықта орналасуы және олардың саны үшеуден кем болмауы тиiс деген пiкiрде. Бұл жиналыстар мен митингiге тосқауыл қоюга қатысушылардың «көрiну және естiлу» және оларды өткiзу мүмкiндiгiн арттырады.

Президенттің тапсырмасымен дайындалған заң бейбіт жиналыс өткізу кезінде ескерту сипатына ие. Яғни, бұқара әкімдіктен рұқсат сұрамай, шеруді өткізе береді. Сенаторлар наразылық білдірушілерге бет-жүзін бүркеуге тыйым салатын ережені де алып тастауды ұсынды. Депутаттардың пікірінше, қазіргі коронавирус жұқтыру қаупі бар кезде, жиынға қатысушылар бетперде киюге құқылы. Егер шеру ұйымдастырушысы немесе оған қатысушы заңды бұзса, олармен құқық қорғау орындары айналысады. Ал олар заң бұзуды тоқтатса, бейбіт жиын жалғасады. Әйтсе де заң жобасына енгізілген ұсыныстарды сарапшылар қолдағанымен, оның іске асыру жағын нақтылау керек деген пікірде. Әйтпесе, ел арасында түсініспеушілік туындауы мүмкін.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

- Заң шын мәнінде жеңіл болуы мүмкін. Бірақ іске асыру механизмі ақсауы мүмкін. Бұны біз ескі заңның іске асырылу кезінде осындай көп мәселені  көрдік. Бұл заңды әрі қарай қарастыру кезінде, әсіресе мына тараптардың міндеттерін нақтылап өту керек. Бұның барлығын жалпы көрсетпесе, ертеңгі күні кейбір митинг, пикеттерде түсінбеушілік болуы мүмкін. Осының кесірінен халық тағы да дүрлігеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде