{metadescription}
Теміржол жолаушыларына арналған талап-ережелер
Теміржол жолаушыларына арналған талап-ережелер

Теміржол жолаушыларына арналған талап-ережелер

Теміржол жолаушылары үшін санитарлық талап-ережелер жарияланды. Көліктегі бас мемлекеттік санитар-дәрігердің талабы бойынша жолаушылар міндетті түрде бетперде киюі керек. Ал жолсеріктер бетпердемен қоса, медициналық қолғап киеді.

Сәдуақас Байғабылов, Көліктегі бас мемлекеттік санитар-дәрігер:.

- Вокзал ғимаратына тек билеті бар жолаушылар кіргізіледі. Вокзалдың қауіпсіздік қызметі кіреберісте барлық адамның дене қызуын тексереді. Пойыз бригадалары қызметкерлері жүру алдында дене температурасын өлшей отырып, медициналық тексеруден өтеді.

Пойызға отырғанда және түскенде қашықтық сақталу керек. Жолаушыларға вагондар арасында жүруіне және бей-берекет купеден шығуына тыйым салынады. Жолда вагондар ішінде ылғалды тазалау жиілігі арттырылып, бастапқы бекеттерде дезинфекцияланады. 1-маусымға дейін вагондарда желдеткіш жүйелері мен желдеткіш сүзгісін ауыстыруға ревизия жүргізіледі. Вокзал мен пойыздарда жұмыс істейтін қызметкерлер әр ауысым алдында медициналық тексерістен өтіп отыруы тиіс.

1-маусымнан бастап елімізде 54 бағытта, 10-маусымнан тағы он бағытта пойыз қатынайды. Пойыз билетін ертеңнен бастап сатып алуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде