{metadescription}
Павлодар облысында полицейлер көл басындағы жұртқа оқ атты
Павлодар облысында полицейлер көл басындағы жұртқа оқ атты

Павлодар облысында полицейлер көл басындағы жұртқа оқ атты

Павлодар облысында көл басында күл жинаған жұртқа полицейлер оқ атты. Оқиға Ақсу ауданының Береке ауылы маңында болған. Тәртіп сақшылары көл басында «микросфера» деп аталатын күлді жинаған жергілікті тұрғындардың жолын кеспек болыпты. Тіпті күш қолданып, біреуін тұтқындауға әрекеттенген. Алайда ол азаматқа басқа жерлерлестері  жақтасып, арты үлкен айқайға ұласты. Қазір осы жайтқа қатысты қылмыстық кодекстің қос бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл таңнан бері желі қолданушыларының қызу талқысына түскен бейнежазба. Онда көл жағасында жиналған жұртқа мұнда жеткен полиция қызметкерінің әкіреңдеп, айқайға басқаны анық көрінеді. Тіпті арнайы жасаққа соғыстағыдай «ұрысқа дайындалыңдар» деп бұйрық берген.

- Қызметкерге шабуыл жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырсын! Кім шабуыл жасады? Бәрінің түрін жазып алыңдар! Бұл жерден жылдам кетіңдер! Ұрысқа! Қарсы келсе, бірден!

Бұдан соң бір тұрғынның қолына кісен салған полицейдің әрекетіне ашуланған жұрт текетіреске көшті. Анталаған топқа қару кезенген арнайы жасақ сарбаздарының бірі ескерту жасап, ауаға оқ атқан.

Бұл азаматтар – көл басында күл жинап күнін көріп жүрген Ақсу ауданы Береке ауылының тұрғындары. Олар мұнда «микросфера» деп аталатын қоқысты қалқып алуға келген. Бірақ жұрттың су бетін сүзуі – заңсыз. Өйткені көл ақсулық ГРЭС кәсіпорнына тиесілі. Полиция департаментіндегілер қазір оқ атқан қызметкерлерін «лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды» бабымен тергеп жатыр.

Елдар Әбдікенов, Павлодар облыстық ПД басшысының орынбасары:

- Туындаған жанжалды жою,  одан әрі жалғасуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері арнайы құрал қолданып, бос оқтармен ескертіп оқ атып, тұрғындардың іс-әрекетін тоқтатты. Арнайы құралдарды қолдану фактісі бойынша қауіпсіздік басқармасымен ҚР Қылмыстық кодексінің 361- бабы 1-бөліміне сәйкес тергеу басталды.

Жалпы, микросфера – кәсіпорындарда көмір жағылған кезде күл құрамында пайда болатын ұсақ әрі қатты бөлшектер. Кейін су бетінде қалқып жүретін шикізат құрылыс материалдарын шығаруда пайдаланылады екен.

Ал заңсыздықты тоқтатамын деп, өзі заң бұзған тәртіп сақшысы криминалдық полиция басқармасының қызметкері екен. Тергеу жұмыстары аяқталғанша ол қызметінен шеттелген. Ал көл басында күл жинаған тұрғындар бұған дейін де полицейлермен жанжалдасқан көрінеді. Сондықтан енді олар «Билік өкiлiне қатысты күш қолдану» бабымен тергеліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.