{metadescription}
КТК: Отандық фильмдерді тамашалайтын кез келді   
КТК: Отандық фильмдерді тамашалайтын кез келді   

КТК: Отандық фильмдерді тамашалайтын кез келді   

КТК арнасы карантин кезінде көрермендерін қуантуды жалғастырады. «Үйдегі киносеанс» жобасы бойынша алдағы демалыс күндері отандық 3 туындыны тамашалауды ұмытпаңыздар. Ол: «Осторожно, корова», «Больше, чем кино», «Неделимое» фильмдері. 

«Отбасылық киносеанс» алдағы демалыс күндері де қызықты әрі әсерлі картиналарды ұсынады. Ертең, яғни сенбіде сағат 17:00-де «Осторожно, корова» фильмін көріңіз. Туынды Айгүл есімді толық денелі қыз жайында. Ол өзіне жасалған сатқындық, қатыгездіктен кейін адам танымастай өзгереді.  

Жексенбі күні ұсынылатын «Больше, чем кино» туындысы жас режиссердің өмірін суреттейді. Ол алғашқы фильміне қаражат таппай үміті үзіледі. Сөйтіп балаларға арналған телевизиялық жобаның режиссері болуға мәжбүр. Алайда оған дәл осы жер мақсатын жүзеге асыруға мол мүмкіндік екенін түсінеді. Жас режиссердің асқақ арманына қалай қол жеткізгенін білгіңіз келсе, жексенбі күні сағат 17:00-де КТК-ны қосыңыз. 

Сағат 19:00-де «Неделимое» фильмі басталады. Бұл туындыда әккі ұрылар қомақты ақшаны ұрлайды. Сөйтіп алдағы мәз-мейрам өмірлерін көз алдына елестете отырып, аяқ астынан бір-бірімен керісіп қалады. Дәмханада бұлардың айқайын естіген өзге қонақтар полицейлерге күдіктілерді ұстап береді. Ары қарай не болғанын білгіңіз келсе, КТК арнасын тамашалаңыз.

Демалыс күндері де карантинді КТК арнасымен бірге өткізіп, отандық кинотуындыларды тамашалаңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде