Алматыда бір түнде түп-тамырымен 19 ағаш құлаған
Су басқан көшелер, құлаған ағаштар. Алматыда тиісті орындар түнде жауған жаңбыр мен соққан желдің салдарымен күресіп жатыр. Кешқұрым алай-дүлейге айналған ауа райы әп-сәтте қаланың тыныштығын бұзды. 112 нөміріне бұл түнде тыныштық болмағандай. Көмек жетпеген тұрғындар күндізге дейін жанұшырып хабарласып жатты.
Автор: Асқарбек Қазанғап
15.05.2020
- Үйімізді су алып жатыр. Не құтқару қызметі, не ПИК бастығы Дәлелхан, не әкімдік – ешқайсысына хабарласа алмай отырмыз. Барлығы телефонын өшіріп тастаған.
Жаңбырмен жағаласқан жел жайқалған ағашты тамырымен жайпаған. Құтқарушылар қоңырау түскен мекен-жайларға аттанып, тасқынның жайылмауына тосқауыл болып жатқанын жариялады. Төтенше жағдай департаменті тұрғын үйлердің ауласының су басуын негізінен арықтардың бітелуімен байланыстырады. Бір түнде 19 ағаш құлаған. Оның сегізі көлікке түскен. 112 нөміріне жиырмадан астам қоңырау түскен. Дегенмен төтеншеліктер биылғы статистика былтырғыдан азайғанын алға тартады.
Гүлдана Нұрымбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:
- Соңғы үш жылдың ішінде 67 су басу учаскелерде тек 17-сі қалып тұр. Яғни, үш есеге азайды. 17 учаскеде биыл 554 миллион қаражат бөлініп, оларға жобалық сметалық құжат әзірлеуге осы ақша игерілетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!