{metadescription}
ҚМДБ: Қадір түнін жұрт үйінде өткізеді
ҚМДБ: Қадір түнін жұрт үйінде өткізеді

ҚМДБ: Қадір түнін жұрт үйінде өткізеді

Қадір түнгі құлшылық үйде өтеді. Карантин ережесіне байланысты ол түні мешіттер жабық болады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осындай тоқтамға келген. Осыған дейін айтылған карантин талаптары сол күйі сақталады. 

Осыған дейін мешіттердің 18-мамырдан бастап жеке құлшылық жасап, құран оқытып, неке қидыруға ниет білдірген азаматтар үшін ашылатынын айтқан едік. Дегенмен жамағатпен оқылатын бес уақыт жұма, тарауық намаздарына қатысты қойған уақытша шектеулер өз күшінде қалады. Тәртіп бойынша, мешітке медициналық бетперде мен қолғап киіп келіп, антисептикті жиі қолдану керек. Құлшылықта бір жарым метр аралықты сақтау қажет. Құран оқитын бөлмеге ары кетсе 10 адам, ал неке қидыруға 4 адам кіргізіледі. Сондай-ақ, діни басқарма мешітке келетін жамағаттан кезекпен кіріп, 15 минуттан ары болмауын сұрайды. Ал Қадір түнін жұрт үйінде өткізеді.

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

- Биыл Қадір түні мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түнге сәйкес келіп отыр. Бұл түнді үйде қарсы алу қажеттігін баса айтқым келеді. Мешіттеріміз ашылғанымен, тек күндізгі уақытта, таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 8-ге дейін ашық болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде