{metadescription}
Балаңыз терезеден құлап кетпесін десеңіз...
Балаңыз терезеден құлап кетпесін десеңіз...

Балаңыз терезеден құлап кетпесін десеңіз...

Соңғы үш жылда елордада қараусыз қалған 46 бала терезеден құлап, 12-сі тіл тартпай кеткен. Тек наурыз бен мамыр аралығында көп қабатты үйлердің терезесінен төрт бала құлапты. Соның салдарынан біреуі көз жұмған. Мамандар оқыс оқиғалардың көбейгеніне алаңдаулы. Олардың қолынан келетіні тек үгіт-насихат жүргізу. Өйткені жауапсыз ата-аналарға еш жаза қолдана алмайды екен.

Күн ысыса терезе ашып, үйдегі ауаны тазалағымыз келеді. Қазір карантин, көбінің үйлерінен шыққылары жоқ. Ал төрт қабырғаға қамалып көңілі далада болған бала терезеге үңіле береді. Далаға шығып ойнағысы келген сондай елордалық бүлдіршіндер оқыс оқиғаның құрбаны болуда.   

Бауыржан Сыздықов, Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД бастығы:

- Коронавирусқа байланысты карантин мерзімінде Нұр-Сұлтан қаласында жоғары қабаттағы үйлерден 4 бала құлады. Оның ішінде бір жағдайда бала қаза болды. Үшеуі ауруханаға жатқызылды. Ең бірінші мәселе – терезеде тежегіштердің болмауы, кішкене балаларды қараусыз қалдыру.

Нартай Нұрпейісов төрт баласынан көз алмай отырады. Оларды соңғы кезде терезеге тіпті жақындатпай да жүр. Баланың көңілі далада болған соң, астана тұрғыны қауіпсіздік үшін мықты бекіткіштер орнатқан.

Нартай Нұрпейісов, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

Айша деген қызым орындықты қойып, былай басын шығарып тұрды. Жүгіріп барып: «Шықпа, құлайсың» деп айттым. «Жаман болады, ауруханаға жатасың» деп едім, «ой, папа, жақсы, онда бекіткіш қояйық» деді. Осындай құлып қойдым. Кейін темір тор қояйын деп тұрмын, сырт жағынан.   

Елімізде балалар жазғы демалысқа шыққан сайын терезеден құлауы жиілейді. Биыл жағдай мүлдем басқа. Карантин кезінде ата-ана қарауынсыз қалған балалар көбейген. Мәселен, сәуірдің 1-28 аралығында елде 7 оқиға тіркелген. Ал жыл басынан бері 20 бүлдіршін терезеден құлап кетіпті.

Ерік Шонбаев, Қарағанды облыстық травматология қызметі ахуалдық орталығының меңгерушісі:

- Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жыл сайын қайталанады. 2019 жылы 20 бала терезеден құлады. Төрт бала қайтыс болды. Балалар аман қалған жағдайдың өзінде мүгедек болып қалуы мүмкін. Сондықтан ата-аналар ойланса екен. Кішкентай торкөзді әлсіз құралға сенуге болмайды. Ересектер мұны әлі түсінбейді. Ал темірден жасалған бекіткіштер қымбат тұрмайды, әрі кетсе 4-5 мың ғана.

Сұранысқа ие темір торлы құралдарды қазір нарықта бекіткіш жабдықтарға алмастырып жатыр. Израильдік технологиямен жасалатын қорғаныс құралдарын қоюға көппәтерлі үйлердің иелері қызығушылық білдірген. Сырт көзге қарағанда бұл торлар қатты, сынатын сияқты болып көрінеді. Ал ұстасаңыз, әйнек сияқты. Жалпы торды жасаушылардың айтуынша, бұл 500 келіге дейін затты немесе адамды көтере алады екен. Менің салмағым – 65. Қане, іс жүзінде көрейік... сынбайтын сияқты.

Нұрлан Иманәлиев, кәсіпкер:

- Карантин кезінде кішкентай балалар мектепке, балабақшаға барып жүрген жоқ. Бәрі үйде отыр. Сол себепті қазір пәтер иелерінен тапсырыс көп түсіп жатыр. Және кеңселерге де қоямыз, бірінші қабатына. Темір торға альтернатива.

Мұндай балалардың шалыс басуына тор емес, ата-ана кінәлі. Ал полиция мен төтенше жағдай қызметі тек оқыс оқиғалардың алдын алу үшін үгіт-насихат жүргізе алады. Бір өкініштісі, тордан төнген қауіпке қарсы тұра алмаған ата-аналарға заң қауқарсыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде