Ертістен өлі табылған қызын анасы тек әшекейінен таныды
Семейде із-түссіз жоғалып кеткен 20 жастағы қыздың өлі денесі табылды. Мүрдесін іздеуге шыққан еріктілер оны Ертіс өзенінің жағасынан тауып, полиция шақырған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
15.05.2020
Айым Камзаева суда ұзақ жатып қалғандықтан, туыстарына оны бірден тану мүмкін болмады. Тек марқұмның анасы қызын үстіндегі киімі мен әшекей бұйымдарынан ғана таныған. Оның денесінде зорлық-зомбылық іздерінің бар- жоғы әзірге белгісіз. Шаһардағы оқу орындарының бірінде соңғы курста оқыған бойжеткен 3-мамырда үйден шығып кеткеннен қайта оралмапты. Хабарсыз кеткен қызды іздеуге тәртіп сақшыларымен бірге еріктілер де атсалысқан болатын. Жалпы, Айымды іздеуге шыққан 500-ге жуық адам қала көшелері мен су жағалауларын екі аптаға жуық шарлаған.
Елеубек Оспанов, Семей қалалық ПБ баспасөз басшысы:
- Жалпы жүргізілген шұғыл іздеу және арнайы тергеу жұмыстарының нәтижесінде, бұл азаматша Ертіс өзенінің үстіндегі көпірден секіріп кетуі мүмкін. Сот-медициналық сараптаманың негізінде оның өліміне не себеп болғаны анықталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!