{metadescription}
Қазгидромет: Мақтааралдағы топан су нөсерге себеп болды
Қазгидромет: Мақтааралдағы топан су нөсерге себеп болды

Қазгидромет: Мақтааралдағы топан су нөсерге себеп болды

Бір тасқын екіншісіне себеп! Кеше ғана Шымкент пен оған іргелес жатқан аудандардың су астында қалуына Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының жарты ай бұрын жарылғаны себеп болған. Қазгидромет өкілдері Өзбекстан мен Мақтарал жеріне жайылған ірі көлемді судың булануы нөсер жаңбырға қосымша себеп болды деп отыр.

Арайлым Тұрғынова, РМК «Қазгидромет» Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі:

- Оған әсер етуі мүмкін. Мұндай жауын-шашынға Өзбекстандағы дамбаның жарылу нәтижесінде үлкен көлемді судың жайылып, булану процессі ауа температурасы жоғары болғанынан, булану нәтижесіне әсері бар.  

Синоптиктер бас-аяғы 40 минут ішінде бір айлық жауын-шашынның түскенін айтады. Нөсер жауынның болатынын жергілікті әкімдіктерге ескерткен де екен. Бірақ олар дайын болмай шықты. Соның салдарынан әсіресе таулы аймақта орналасқан Төле би ауданындағы өзендердің су деңгейі күрт көтеріліп, бірнеше ауылды шайды. Төрт көпір қирап, мал шығынына да әкелген. Жауын-шашыннан шайылуға шақ қалып, қауіпсіз жерге эвакуацияланған жүздеген тұрғын бүгін үйіне қайта бастады. Шымкент шетіндегі Елтай ауылында 60 аулаға су кіріп, 38 баспананы су басқан. Мұнда да 300 тұрғын эвакуацияланды. Мөлшерден ауытқыған жауын-шашын Қазығұрт, Сайрам мен Бәйдібек ауданының тұрғындарын әбігерге салған. Келтірілген шығын әлі есептеліп жатыр. Ал синоптиктер алдағы күндер де жаңбырлы болады деп ескертіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде