Kaspi.kz компанияларда жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік береді
Пандемияға байланысты көптеген дүкендерге онлайн сату – сауда көлемі мен жұмыс орнын сақтап қалудың жалғыз жолы. Қазіргі қиын кезеңде елдегі ең инновациялық компания шағын және орта бизнеске қалай көмектесуде?
Автор: Мақсат Мәлік
18.05.2020
Биыл қазақстандықтар Kaspi.kz ірі электронды коммерция платформасы арқылы 69 миллиард теңгеге онлайн зат сатып алған. Тапсырыс саны екі есеге артқан, 54 қаланың тұрғындары 900 мыңнан астам тапсырыс берген.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы:
- Kaspi.kz технологиялары мен біздің электрондық сауда платформамыз қазақстандық компаниялар мен шағын және орта бизнеске дамуға, жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Біз Президент жанындағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қолдауымен және әкімдіктердің жедел штабтарымен, серіктестермен және курьерлік қызметтермен бірлесіп жеткізуді ұйымдастыруға және қазақстандықтарға үйден шықпай-ақ қауіпсіз онлайн зат сатып алуға мүмкіндік беруге бар күш-жігерімізді салдық.
Kaspi.kz серіктестерінің көпшілігі шағын және орта бизнес компаниялары. Kaspi.kz қазақстандық өндірушілермен және әлемдік брендтермен де жұмыс жасайды.
Бауыржан Исмағамбетов, «Центр Правильного Сна» компаниясының онлайн сату жөніндегі басшысы:
- Шынын айтсам, біз осы күнге дейін онлайн сату нарығын бағаламай келіппіз. Барлық дүкендеріміз жабылған соң, біз Kaspi.kz-ке көштік. Kaspi.kz карантин кезінде логистикалық шығындардың барлығын өзі көтерді. Бұл Kaspi.kz тарапынан үлкен көмек болды. Біздің бүкіл Қазақстан бойынша тапсырыстарымыз бір есеге өсті. Бұл сату көлемі өсіп, жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Виктория Савина, Columbia дүкенінің директор:
- Біздің сатып алушыларымыз Kaspi Магазинді бұрыннан біледі. Бұл Қазақстандағы онлайн сатып алуға болатын ең қауіпсіз алаң деп санаймын. Kaspi біздің клиенттерімізге өз қалауынша жұмсауға болатын 10% бонус берді. Мұның арқасында бізде сату көлемі өсті, әрі қазіргі қиын кезде қызметкерлерімізге жалақы төлеуге мүміндік болды.
Kaspi.kz бүкіл ел аумағында 54 қалада есікке дейін жеткізуді жетекші курьерлік қызметтермен бірге ұйымдастырды.
Евгений Забиякин, Pony Express курьерлік компаниясының бас директоры:
- Біз курьерлік компаниямыз. Бұл кезеңде табыс туралы ұмытуға болатын еді, алайда клиенттеріміз, олардың нақты сұраныстары бар. Kaspi.kz арқылы жіберілген заттар көлемі екі есе көбейді. Kaspi – қазіргі жағдайда әлеуметтік тұрақтылықтың нақты факторы. Карантин кезінде көптеген кәсіпкерлер ойыннан тыс қалуға мәжбүр болды, ал Kaspi.kz серіктестеріне сатуды жалғастырып, клиенттер алдындағы міндетін орындауға мүмкіндік берді. Қазір Kaspi.kz жеткізіп жатқан заттарды санап шығу мүмкін емес, жүктің барлық түрі бар.
Қазіргі жағдай электронды сауданың дамуын жылдамдатты. Тұтынушыларда затты жеткізумен бірге тиімді әрі қауіпсіз сатып алу мүмкіндігі көбейді. Бұл шағын және орта бизнеске өсудің жаңа мүмкіндігі. Электронды коммерция экономиканың өсуі мен бизнестің дамуына тың серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға ынталандырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!